02.04.2008, 17:05 3441

Ауылдағы жас мамандарға әлеуметтік жеңілдіктер жасау жөніндегі заңнамалық түзетулер 2009 жылы күшіне енеді - Ауыл шаруашылығы министрлігі

Ауылдағы жас мамандарға әлеуметтік жеңілдіктер жасау жөніндегі заңнамалық түзетулер 2009 жылы күшіне енеді - Ауыл шаруашылығы министрлігі

Астана. 2-сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Ауыл шаруашылығы министрлігіндегілер ауылдық жерлерге келіп жұмыс істеуге ниет білдірген жас мамандарға әлеуметтік жеңілдіктер жасау жөніндегі заңнамалық түзетулер 2009 жылы күшіне енеді деп сенеді. Бұл туралы бүгін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі ауылдық аумақтарды дамыту істері жөніндегі комитет төрағасы Санат Тұңғышбеков "Ауылдық елді мекендерді әлеуметтік-экономикалық дамыту мониторингінің 2007 жылғы қорытындылары" туралы журналистерге арнап өткізген баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Егер біз бұл заң жобасын биыл қабылдай алсақ, бұл жұмыстар келесі жылдан бастап жүзеге асырылады", - деді С. Тұңғышбеков.

Оның айтуынша, қазір Ауыл шаруашылығы министрлігі басқа да мүдделі министрліктермен бірлесіп, "заң жобасын жасауда, оған сәйкес, ауылдық жерлерде жұмыс істеуге келіп жатқан денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет және спорт, әлеуметтік қамтамасыздық саласы мамандарына әлеуметтік қолдау қоржыны ұсынылады".

"Бұл қаржы баспана сатып алуға, ауылдық жерлерге көшу шығындарын өтеуге және үй шаруашылығын құруға арналады", - деді С.Тұңғышбеков.

Оның айтуынша, ауылдық жерлерде аталған санаттағы мамандардың тапшылығы 26 мың адамды құрайды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны