18.05.2016, 16:26 4080

Ауруларды басқару бағдарламасын 2 аймақта енгізу шаралары жүрек функциясыныӊ созылмалы жетіспеушілігімен ауруханаға жатқызылатын пациенттер санын 2 есеге азайтуға мүмкіндік берді

Ауруларды басқару бағдарламасын (әрі қарай - АББ) пилоттық режимде Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарында енгізу шаралары жүрек функциясыныӊ созылмалы жетіспеушілігімен ауруханаға жатқызылатын пациенттер санын 2 есеге азайтуға мүмкіндік берді

Астана. 18 мамыр. Kazakhstan Today - Ауруларды басқару бағдарламасын (әрі қарай - АББ) пилоттық режимде Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарында енгізу шаралары жүрек функциясыныӊ созылмалы жетіспеушілігімен ауруханаға жатқызылатын пациенттер санын 2 есеге азайтуға мүмкіндік берді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

АББ-ны іске асыру шаралары жоғарыда аталған аймақтарда 2013 жылдан басталды. Ол үш нозология бойынша: артериалдық гипертензия, жүрек функциясыныӊ созылмалы жетіспеушілігі және қант диабеті аурулары бойынша жүзеге асырылуда.

1213 АББ қатысушыларымен келісім жасалып, пациенттер жүргізетін өзін-өзі бақылау күнделіктері берілді. Келісімге сәйкес, медициналық ұйымдар АББ қатысушысы-пациентпен үнемі байланыста бола отырып, пациентке динамикалық бақылау жасайтын мультидисциплинарлық командаларды құрады.

Емханалар жанында пациенттерді өзіне-өзі көмек көрсету қағидаларына, өз денсаулығына дұрыс күтім жасауға үйрететін, салауатты өмір салты мен өздігінен білім алу бойынша ақпараттық материалдармен қамтамасыз ететін денсаулық мектептері жұмыс істейді.

Ақпаратпен таныс пациент өзін-өзі бақылау күнделігін жүргізеді, денсаулығына әсер ететін факторларды бақылайды, осылайша оныӊ өз денсаулығына деген жауапкершілігі артып, тәртібі өзгереді.

Осылайша, бағдарлама пациенттермен қатар медициналық қызметкерлерге өз ауруларын басқаруға, оныӊ асқынуына жол бермеуге мүмкіндік туғызады.

Пилоттық жобаны жүзеге асыру нәтижесінде пациенттердіӊ 75%-ында артериалдық қысым көрсеткіші тұрақты сипатқа ие болды, гипотензивті дәрі-дәрмектерді қабылдаудыӊ тұрақтылығы мен оны бақылау машықтары қалыптасты. Жүрек функциясыныӊ созылмалы жетіспеушілігі бар пациенттерді ауруханаға жатқызу жағдайы 2 есеге азайды. Қант диабетіне тексерілген пациенттер саны ұлғайды (СҚО-да 64%-ға дейін, Павлодар облысында - 98%-ға дейін). Айта кету керек, АББ барлық қатысушылары өзін-өзі басқару бойынша оқыту шараларымен 100% қамтамасыз етілді.

Пилоттық аймақтардағы АББ-ны енгізудіӊ тиімді тәжірибесін ескере отырып, АББ-ны жүзеге асыру 2016-2017 жылдар аралығында қосымша Астана, Алматы, БҚО, Қарағанды және Қостанай облыстарында, 2018 жылдан бастап ҚР-дыӊ барлық облыстарында кезеӊ-кезеӊімен жүзеге асырылатын болады

Естеріӊізге сала кетсек, Ауруларды басқару бағдарламасын енгізу - созылмалы аурулармен сырқаттанған пациенттердіӊ өмір сүру ұзақтығын арттыру мен оныӊ сапасын жақсарту мақсатында алғашқы медициналық-санитарлық көмекті басымдықпен дамыту және жетілдіру шараларыныӊ құрамдас бөлшегі ретінде ҚР Денсаулық сақтау саласын дамытудыӊ 2016-2019 жылдарға арналған "Денсаулық" мемлекеттік бағдарламасыныӊ басты бағыттарыныӊ бірі болып табылады.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігініӊ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны