31.07.2015, 11:29 6281

"Автобус" профилактикалық шарасыныӊ 3 күнінде 308 заӊ бұзушылық анықталды

Ағымдағы жылдыӊ шілде айыныӊ 28-30 күндері аралығында республика көлемінде "Автобус" профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Аталған іс-шараныӊ мақсаты - көлік жолдарында жолаушылар мен жүктерді тасымалдаумен айналысатын көлік жүргізушілері арасында көліктік тәртіпті арттыру

Астана. 31 Шілде. Kazakhstan Today - Ағымдағы жылдыӊ шілде айыныӊ 28-30 күндері аралығында республика көлемінде "Автобус" профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Аталған іс-шараныӊ мақсаты - көлік жолдарында жолаушылар мен жүктерді тасымалдаумен айналысатын көлік жүргізушілері арасында көліктік тәртіпті арттыру, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Іс-шара аясында облыс көлемінде көлік жолдарында көші-қон және көліктік бақылау инспекциясыныӊ қызметкерлерімен бірлесіп, заӊсыз көшіп-қонушылар мен заӊсыз тасымалдаушыларды, әсіресе шетелдік азаматтарды тасымалдайтын автобустар мен шетелдік тіркеулерді анықтау бойынша тексерістер жүргізілді. Сонымен қатар, Көліктік бақылау басқармасы, Мемлекеттік кірістер комитеті өкілдерініӊ қатарынан мобильді топтар жасақталып, көліктіӊ жасырын бағыттарын анықтау (бағдарларда, соӊғы аялдамаларда, белгіленбеген тұрақтарда), бұл ретте алдын ала және кезеӊ-кезеӊімен, оныӊ ішінде рейс алдында (ауысым алдында) жүргізушіні медициналық қарау, олардыӊ еӊбек және демалыс режимін сақтауын қадағалау жоспарланған болатын.

Жүргізілген рейдтік жұмыстар барысында қоғамдық көлік жүргізушілерімен орын алған 308 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелсе, көлiк құралын басқару кезiнде жүргiзушiнiӊ телефонды не радиостанцияны пайдалану дерегі бойынша (ИҚБтК-ніӊ 591-бабы) - 67, тиісті рұқсатсыз қайта жабдықталған көлік құралын басқару (ИҚБтК-ніӊ 590-бабы, 7-бөлігі) дерегі бойынша - 4 заӊ бұзушылықтар орын алған. Аталған құқық бұзушылықтарға орын берген қоғамдық көлік жүргізушілеріне әкімшілік хаттамалар толтырылып, 11 автобус айып алаӊына жеткізілді.

Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны