27.01.2021, 16:06 7336

"Қазақфильмде" сериалды түсіру кезінде 30 млн теңге жымқырғаны туралы ақпарат бойынша түсініктеме берілді

Ведомствоның мәліметінше, "Қазақфильм" АҚ "Кинопроект "Қасым хан" филиалының директоры Қ.Ахметов пайдакүнемдік мақсатта, өзінің қызметтік жағдайын пайдалана отырып, адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен аса ірі көлемде бөтеннің мүлкін ұрлады.
Нұр-Сұлтан. 27 қаңтар. Kazakhstan Today - Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясында "Қасым хан" сериалын түсіру кезінде 30 миллион теңгеге жуық бюджет қаражатын жымқыру туралы ақпаратқа түсініктеме берілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today "Қазақфильм" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Бұқаралық ақпарат құралдарында "В потоках истории: обретая вечность. Касым хан" сериялының жобасы бойынша бюджеттік қаражатты жымқыру ісін тергеудің егжей-тегжейімен материалдар жариялануына байланысты, ақпаратты нақтылау мақсатында "Қазақфильмнің" баспасөз қызметі ресми түрде хабарлайды:
 

Сериалдағы қаражат жымқыру фактісі бойынша тергеуді киностудияның бұрынғы басшылығы бастаған. Қуаныш Ахметов продюсерлік атқарған "В потоках истории: обретая вечность. Касым хан" тарихи сериялы 2018 жылы өндіріске енгізілді. Алайда, түрік режиссері Метин Гюнайдың жобадан бас тартуына байланысты, 2020 жылы жоба өзінің тұжырымдамалық пішімін өзгертті және "Ұлы дала таңы" жұмыс атауымен толықметражды көркем фильмге айналды. Жаңадан құрылған түсірілім тобын режиссер Ақан Сатаев басқарады. "Ұлы дала таңы" жобасының имиджіне нұқсан келтірмеу мақсатында біз сериал мен толықметражды фильмнің екі бөлек жоба екенін назарларыңызға жеткіземіз", - делінген киностудияның хабарламасында.

 
Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстанның Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің Экономикалық тергеу департаменті тарихи фильмді түсіру кезінде 29,9 млн теңге жымқыру фактісі бойынша тергеуді аяқтады.
 
Ведомствоның мәліметінше, "Қазақфильм" АҚ "Кинопроект "Қасым хан" филиалының директоры Қ.Ахметов пайдакүнемдік мақсатта, өзінің қызметтік жағдайын пайдалана отырып, адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен аса ірі көлемде бөтеннің мүлкін ұрлады.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны