12.03.2020, 23:59 3731

Қазақстан астанасында көші-қон процестерін реттеу мәселелері талқыланды

Семинар барысында тараптар көші-қон ағындарына байланысты проблемаларды шешу үшін ҚР-да барлық халықаралық ұйымдарды жұмылдыру бойынша "БҰҰ көші-қон желісі" мақсатын талқылады.

Алматы. 12 наурыз. Kazakhstan Today - Қазақстан астанасында көші-қон процестерін реттеу мәселелері талқыланды.

Нұр-Сұлтан қаласында "Көші-қон процестерін реттеу және репатриация саясатын жүзеге асыру" республикалық семинары болып өтті, оған Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің (бұдан әрі - ҚР Еңбекмині) және Халықаралық көші-қон ұйымы/БҰҰ көші-қон жөніндегі агенттігінің (бұдан әрі - ХКҚҰ) өкілдері қатысып, әлемдік қауымдастықтың жаһандану үрдістері контекстінде өзекті көші-қон мәселелерін талқылады.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ақмәди Сарбасов, БҰҰ-ның Қазақстан Республикасындағы тұрақты үйлестірушісі Норимаса Шимомура, ХКҚҰ-ның Орталық Азия бойынша үйлестірушісі және Өңірдегі миссия басшысы Зейнал Гаджиев, көші-қон жөніндегі БҰҰ Желісі хатшылығының байланыс және саясат жөніндегі маманы Абдель Рахман Диоп және басқа халықаралық және ұлттық сарапшылар қатысты.

Семинар барысында тараптар көші-қон ағындарына байланысты проблемаларды шешу үшін ҚР-да барлық халықаралық ұйымдарды жұмылдыру бойынша "БҰҰ көші-қон желісі" мақсатын талқылады.

2011 жылы Қазақстан ХКҚҰ-мен және БҰҰ Босқындар істері жөніндегі Жоғарғы комиссарының басқармасымен бірлесіп, аралас көші-қон ағындарының нәтижесінде туындайтын проблемаларды шешуге бағытталған "Босқындарды қорғау және халықаралық көші-қон жөніндегі Алматылық процессі" диалог алаңын құруға бастама жасады. "Алматы процесінің" құрамына 7 қатысушы мемлекет кіреді: Ауғанстан, Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркия және Түркіменстан, ал бақылаушы ретінде Иран мен Пәкістан қатысады.

Бұдан басқа, Қазақстанда тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу шеңберінде көші-қон саясатының 2017-2021 жылдарға арналған тұжырымдамасы қабылданды, ол еліміздің демографиялық, әлеуметтік және экономикалық даму перспективаларын ескере отырып, көші-қон саясатының стратегиялық мақсаттары мен міндеттерін айқындайды.

Қазақстанның көші-қон саясаты мигранттардың құқықтарын сақтау және қорғау, кемсітудің кез келген нысандарына жол бермеу, мигранттардың да, ел азаматтарының да құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету, ұлттық заңнама ережелерін және халықаралық міндеттемелерді орындау және этникалық репатрианттар үшін қолайлы жағдайлар жасау қағидаттарында іске асырылады.

Өз сөзінде ҚР Еңбекминінің вице-министрі Ақмәди Сарбасов қатысушыларды Қазақстан Республикасына келетін этникалық репатрианттар мен қоныс аударушыларға қолайлы жағдай жасау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы хабардар етті.

"Қазақстан этникалық репатрианттардың бейімделуі мен интеграциясы үшін барынша қолайлы жағдай жасады. Этникалық қазақтар оралман мәртебесін ала отырып, жеңілдетілген тәртіппен Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға құқылы", - деп атап өтті Ақмәди Сарбасов.

Ол қазіргі уақытта Министрлік репатрианттарға тұрақты тұруға және қазақстандық азаматтықты алуға рұқсат алу, сондай-ақ оларға әлеуметтік бейімдеу және интеграциялық қызметтер кешенін ұсыну құқығын беру мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілеріне бірқатар түзетулер енгізуді қарастыратын ҚР Заң жобасын дайындағанын хабарлады.

Айта кету керек, жыл басынан бері жақын және алыс шетелдерден 4 921 адамнан тұратын 2 504 отбасы тарихи отанына оралып, оралман мәртебесін алды. 1991 жылдан бастап Қазақстанға 1 млн-нан астам этникалық қазақ оралды.

Вице-министр сөз соңында Қазақстан мигранттардың заңды құқықтарын сақтау және әлемдік, сондай-ақ өңірлік деңгейде өзара тиімді ынтымақтастықты нығайту принциптерін ұстанатынын атап өтті.

Іс-шара ХКҚҰ-ның Қазақстан Республикасындағы өкілдігі мен Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі арасында 2019 жылғы 5 желтоқсанда қол қойылған Ынтымақтастық туралы меморандумды жүзеге асыру аясында ұйымдастырылды.

Нұр-Сұлтан қаласында ХЖҚО 2020 жылы халықты жұмыспен қамту бойынша міндеттері талқыланды

"Еңбек ресурстарын дамыту орталығы" АҚ (бұдан әрі - ЕРДО) базасында барлық өңірлердің халықты жұмыспен қамту басқармалары мен орталықтарының (бұдан әрі - ХЖҚО) өкілдерімен кеңес өтті, оның шеңберінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасын орындау бойынша шаралар талқыланды.

ЕРДО президенті Тамара Дүйсенованың төрағалығымен жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету жөніндегі шараларды талқылау бойынша селекторлық режимде кеңес өтті. Өз сөзінде ол Жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету жөніндегі жол картасын әзірлеу қажеттілігі, Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жұмысқа орналастыруды жандандыру, сондай-ақ жұмыс берушілердің кадрларға қысқа мерзімді қажеттілігін ескере отырып оқытуды ұйымдастыру мәселесін көтерді.

"Жұмыс берушілердің қажеттілігін анықтау кезінде электрондық еңбек биржасының деректері пайдаланылды. 2018 жылы жұмыс берушілер биржада орналастырған бос орындар саны 711,3 мың, 2019 жылы - 848,9 мың болды. Егер осындай үрдіс сақталса, сарапшылардың есептеуі бойынша 1 млн-нан астам бос жұмыс орны болады деп күтілуде", - деді Тамара Дүйсенова.

Кадрларға деген қажеттіліктің қысқа мерзімді болжамы өңірлер бөлінісінде де, жалпы республика бойынша да Қазақстандағы жоғары сұранысқа ие 25 мамандық туралы деректерден тұрады. ЕРДО Президенті деректер жаңартылып электрондық еңбек биржасында талдау бөлімінде тоқсан сайын орналастырылатын болады деп атап өтті.

"Жұмыспен қамту орталықтары ЭЕБ деректерін негізге ала отырып, жұмыспен қамту бағдарламасына қатысушыларды қысқа мерзімді оқытуға немесе нақты жұмыс орындарына жібере алады. Сондықтан жұмыспен қамту орталықтарына жұмыс берушілермен тікелей жұмыс істеп, одан әрі жұмысқа орналастыра отырып, кадрлар даярлауға немесе жастар практикасын өткізуге немесе жоғары оқу орындары мен ТжКБ түлектері үшін тұрақты жұмыс орындарын ашуға алдын ала келісімдер жасауы қажет", - деп түйіндеді Тамара Дүйсенова.

Сондай-ақ, талқылау барысында жұмысқа орналасуына көмек қажет болуы мүмкін адамдарды, яғни жұмыссыздарды, бейресми өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды, үй шаруасындағы әйелдерді және т. б. жұмыспен қамту жөніндегі жол картасын әзірлеу қажеттілігі айтылды.

Жұмыспен қамту басқармалары мен орталықтары (жастар, табысы аз адамдар, мүмкіндіктері шектеулі адамдар және т.б.) жұмысқа орналастырудың барлық шаралары аясында нысаналы топтарды жұмысқа орналастыру жөніндегі жиынтық индикаторларды әзірлеуі тиіс.

Бұдан басқа, ЕРДО Президенті ЕРДО-ны трансформациялау жұмыстарын жүргізу қажеттігін атап өтті. Ол үшін Тамара Дүйсенова 17 тірек орталығын (әрбір өңірде біреуден) анықтауды ұсынды, олардың базасында пилоттық режимде жұмыссыздарды тіркеу тетіктері, проактивті форматта жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына жіберу апробацияланады (сынақтан өткізіледі), яғни бұл қызметтер электрондық түрде көрсетілетін болады.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны