05.06.2020, 13:45 8038

"Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты" РМК-ның Атырау филиалының басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды

Ол белгіленген тыйым салуға қарамастан, өзінің жақын туысқанына тіркелген сертификаттау және техникалық реттеу саласында қызмет көрсеткен ЖШС-ын басқаруға қатысқан және осы серіктестікке жеңілдіктер мен жебеушілік беріп отырған.

Алматы. 5 маусым. Kazakhstan Today - "Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты" РМК-ның Атырау филиалының басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Атырау облысы бойынша прокуратурасымен бірлесіп жүргізген жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижелері бойынша ҚР Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің "Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты" РМК-ның Атырау филиалының басшысына қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 364-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Ол белгіленген тыйым салуға қарамастан, өзінің жақын туысқанына тіркелген сертификаттау және техникалық реттеу саласында қызмет көрсеткен ЖШС-ын басқаруға қатысқан және осы серіктестікке жеңілдіктер мен жебеушілік беріп отырған.

ҚР Қылмыстық-процессуалдық кодексінің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесі үшін жариялауға жатпайды.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны