03.08.2021, 18:24 7274

Қазақстанда 4 өңір "тым қызыл" аймақта орналасқан

Қауіпті тәуекел аймағында 4 өңір бар: Алматы, Шымкент қалалары, Атырау және Қарағанды облыстары.
НҰР-СҰЛТАН. 3 ТАМЫЗ - Қазақстанда "тым қызыл" аймақта (аса қауіпті аймақта) төрт өңір бар, деп мәлімдеді Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Тым қызыл" аймақтағы стационарларға жүктемені бағалау матрицасына сәйкес, қауіпті тәуекел аймағында 4 өңір бар: Алматы, Шымкент қалалары, Атырау және Қарағанды облыстары, оларда төсек-орындардың апталық қамтылу көрсеткіші 100 мың тұрғынға шаққанда 200 және одан жоғары", — деді А. Цой.

 
Ол 2 тамыздан бастап өңірлерде іскерлік белсенділік теңгерімін және эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыруды ескере отырып және "Ashyq" жобасын іске асыру шеңберінде шектеу шаралары енгізілгенін атап өтті.
 
Министрдің айтуынша, эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес Қазақстан Республикасы 26 маусымнан бастап қызыл аймақта тұр. Түркістан облысын қоспағанда, барлық өңірлер "қызыл" аймақта орналасқан.
 
Биылғы 3 тамыздағы жағдай бойынша республика бойынша инфекциялық төсек-орындардың бос болмауы 56% (29 138 төсек-орын), реанимациялық төсек-орындардың бос болмауы 44% (2 102 төсек-орын) құрады. Бұл ретте, министр атап өткендей, инфекциялық төсек-орындардың ең көп қамтылуы Нұр-Сұлтан (67%), Шымкент (77%) қалаларында, реанимациялық төсек-орындардың ең көп қамтылуы Ақмола (67%), Атырау (68%), Маңғыстау (80%) облыстарында (80%) және Нұр-Сұлтан қаласында (80%) байқалады.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны