03.08.2021, 18:10 7041

Қазақстанда 3 тамызға арналған коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай: CОVID-19 бар 1 707 науқастың жағдайы ауыр

НҰР-СҰЛТАН. 3 ТАМЫЗ - 2021 жылғы 2 тамызға 23:59-дағы эпидемиологиялық жағдай бойынша Қазақстанда коронавирустық инфекцияның 595 433 жағдайы расталды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY. 
 
Қазақстанда өткен тәулікте 7 481 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. Аймақтар бойынша: 
 
Нұр-Сұлтан қаласында – 1 270; 
 
Алматы қаласында – 1 531; 
 
Шымкент қаласында – 575; 
 
Ақмола облысында – 259; 
 
Ақтөбе облысында – 356; 
 
Алматы облысында – 311; 
 
Атырау облысында – 406; 
 
ШҚО-да – 308; 
 
Жамбыл облысында – 196; 
 
БҚО-да – 115; 
 
Қарағанды облысында – 941; 
 
Қостанай облысында – 261; 
 
Қызылорда облысында – 210; 
 
Маңғыстау облысында – 181; 
 
Павлодар облысында – 292; 
 
СҚО-да – 147; 
 
Түркістан облысында – 122.
 
Қазақстанда бір тәулік ішінде 6 177 адам коронавирустық инфекциядан сауығып кетті. Жалпы, елде CОVID-19-дан 489 135 адам жазылып кетті, деп хабарлайды CОVID-19 таратпау жөніндегі ВАК. 
 
3 тамызға КВИ-ден 102 839 адам (100 145 КВИ+ және 2 694 КВИ -) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде: 
 
- стационарларда 29 138 пациент бар; 
 
- амбулаториялық деңгейде - 73 701 пациент. 
 
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде: 
 
- ауыр халде – 1 707 пациент, 
 
- аса ауыр халде – 395 пациент, 
 
- ӨЖЖ аппаратында – 197 пациент бар. 
 
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда 2020 жылдың 13 наурызынан 2021 жылдың 2 тамызына дейін коронавирустық инфекцияға оң ПТР-тесті бар коронавирустан 6 153 өлім жағдайы тіркелген. 1 тамыз күні КВИ-ден 110 адам қайтыс болды. 
 
1 тамыз күні коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 46 жағдайы тіркелді, 16 адам қайтыс болды және 87 адам сауығып кетті. 2020 жылғы 13 наурыздан бастап барлығы тіркелді: ауру – 61 301, өлім – 3 756, сауыққандар – 54 851. 
 
Қазақстанда 2021 жылғы 3 тамызға I компонентпен 5 480 094 адам вакцинацияланды, II компонентпен 3 941 941 адам вакцинацияланды. 
 
Қазақстан өңірлерінің 2021 жылғы 2 тамыздағы эпидемиологиялық жағдайын бағалау матрицасына сәйкес "қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан қ., Алматы қ., Шымкент қ., Алматы, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары орналасқан. 
 
"Сары" аймақта - Түркістан облысы.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны