21.06.2026, 14:40 5711

Қасым-Жомарт Тоқаев Брюссельге ресми сапармен барады

Қасым-Жомарт Тоқаев Брюссельге ресми сапармен барады
22-23 маусым күндері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропалық Кеңес Президенті Антониу Коштаның шақыруымен Брюссельге ресми сапармен барады, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.

Сапар аясында Еуропалық Кеңес Президенті Антониу Коштамен және Еуропалық комиссия Президенті Урсула фон дер Ляйенмен келіссөздер жоспарланған.

Тараптар Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы кеңейтілген серіктестік пен ынтымақтастықты нығайту перспективасын талқылайды.

Сапар бағдарламасында Бельгия Премьер-министрі Барт де Вевермен кездесу қарастырылған.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы ірі еуропалық компаниялар жетекшілерінің қатысуымен өтетін "Қазақстан - ЕО" дөңгелек үстелінде сөз сөйлеп, бірқатар кездесу өткізеді.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны