19.06.2026, 19:38 2401
Ташкентте Қазақстанның шетелдік серіктестермен инвестициялық ынтымақтастығын дамыту перспективалары қаралды
Сурет: ҚР СІМ
Достарға айту
Өзбекстан Республикасына бесінші Ташкент халықаралық инвестициялық форумына қатысу аясындағы сапар барысында Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров шет мемлекеттердің өкілдерімен және іскер топтармен бірқатар кездесулер өткізді, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметінен.
Ұлыбритания Лордтар палатасының мүшесі, Ұлыбританияның Бизнес және сауда министрлігі мен Қазынашылықтың инвестициялар жөніндегі министрінің орынбасары Лорд Джейсон Стоквудпен өткен кездесуде тараптар сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен оны одан әрі дамыту перспективаларын талқылады.
Ағымдағы жылдың маусым айында ратификациялау рәсімі аяқталған Стратегиялық әріптестік және ынтымақтастық туралы келісімді іске асыру мәселелеріне ерекше назар аударылды. Сонымен қатар энергетика, аса маңызды минералдар, көлік және логистика, қаржы, білім беру және денсаулық сақтау салаларындағы өзара іс-қимылды кеңейту перспективалары қарастырылды.
Ә.Қуантыров Ұлыбританияның Қазақстанның негізгі инвестициялық серіктестерінің бірі әрі ел экономикасына ірі шетелдік инвесторлардың қатарында екенін атап өтті. Осыған байланысты, Қазақстан экономикасының басым секторларына британдық инвестициялар мен технологияларды тартуға қызығушылық білдірілді.
Сапар аясында сондай-ақ өзбекстандық "BMB Holding" холдингі Құрылтайшылар кеңесінің төрағасы Бекзод Маматқұловпен кездесу өтті.
Тараптар Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективаларын, сондай-ақ агроөнеркәсіптік кешен, туризм, тамақ өнеркәсібі, логистика және өзара сауда салаларындағы бірлескен жобаларды іске асыру мүмкіндіктерін талқылады.
Кездесуге қатысушылар стратегиялық әріптестік пен одақтастыққа негізделген қазақ-өзбек қатынастарының жоғары деңгейін атап өтіп, екі елдің іскер топтары арасындағы өзара іс-қимылды одан әрі нығайтудың және жаңа бірлескен бастамаларды жүзеге асырудың маңыздылығын жеткізді.
Кездесулер қорытындысы бойынша тараптар сауда-экономикалық, инвестициялық және іскерлік ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге, сондай-ақ орнықты дамуға және өңірлік экономикалық байланыстарды нығайтуға ықпал ететін бірлескен жобаларды ілгерілетуге өзара мүдделілігін растады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
19.06.2026, 21:11 2901
Қазақстан мен Грекия арасындағы тауар айналымының көлемі 2,4 млрд долларды құрады
Сурет: Depositphotos
Достарға айту
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров Грекия Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Антония Кацурумен кездесіп, сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстарды кеңейту мәселелеріне ерекше назар аудара отырып, Қазақстан-Грекия ынтымақтастығының қазіргі жағдайы мен перспективаларын талқылады, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметінен.
А.Кацуру Министр орынбасарының ағымдағы жылдың сәуір айында Грекияға сапарының негізгі нәтижелерінің бірі - Экономикалық және технологиялық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Грекия үкіметаралық комиссиясының келесі отырысын (ҚГҮК) ұйымдастырудың маңыздылығын көрсету болғанын атап өтті.
Ә.Қуантыров өз кезегінде Министр орынбасары осы жылдың екінші жартысында Афины қаласында өтетін Экономикалық және технологиялық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Грекия үкіметаралық комиссиясының келесі отырысының сәтті өтетініне сенім білдірді. Сондай-ақ, Қазақстанның Грекиямен серіктестікті одан әрі дамытуға және жаңартылатын энергия көздері, көлік пен логистика, металлургия, агроөнеркәсіп, қалдықтарды қайта өңдеу, фармацевтика, туризм және цифрлық технологиялар сияқты экономиканың басым секторларына грек инвестициясын тартуға мүдделі екенін атап өтті. Осы орайда екі елдің іскер топтары арасындағы байланыстарды жандандырып, бірлескен жобаларды жүзеге асырудың маңыздылығы атап өтілді. Грекияның Сыртқы істер министрлігінің, грек мекемелерінің, қаржы ұйымдарының және елдегі жетекші компаниялардың өкілдерімен жүргізілген келіссөздердің оң нәтижелері де айтылды.
Талқылау барысында бірқатар басым бағыттар бойынша ынтымақтастықты кеңейтуге екі жақтың мүдделілігі байқалып, елдеріміз арасындағы практикалық бастамаларды ілгерілету үшін берік негіз жасалды", - деп мәлімдеді министрдің орынбасары.
Өткен жылы екі мемлекет арасындағы тауар айналымының көлемі 2,4 млрд долларды құрағанын атап өткен жөн. Сауда-экономикалық қатынастар Қазақстаннан шикі мұнай, полипропилен, ферроқорытпа және жасымық сияқты тауарларды, Грекиядан дәрілік заттарды, топырақты сұрыптауға және ұнтақтауға арналған құрал-жабдықтарды, аминоальдегидті, фенол-альдегидті шайырлар мен полиуретанды, сүтті өңдеуге арналған жабдықтарды және т.б. экспорттауға негізделген.
А.Кацуру грек тарапының Қазақстанмен экономикалық өзара әрекеттесуді нығайтуға және өзара мүдделі салалардағы ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделі екенін растады.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар екіжақты экономикалық күн тәртібін ілгерілету және инвестициялық ынтымақтастық бойынша тұрақты диалогты қолдау бойынша бірлескен жұмысты жалғастыруға келісті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
19.06.2026, 20:54 3681
Қазақстан шетелдік серіктестіктермен экономикалық байланыстарды арттыруда
Сурет: ҚР СІМ
Достарға айту
Қазақстан Бельгия, Ұлыбритания, Өзбекстан және Грекия өкілдерімен сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты дамытудың перспективаларын талқылады. Тараптар энергетика, көлік, логистика, агроөнеркәсіптік кешен, цифрлық технологиялар және басқа да басым бағыттар бойынша бірлескен жобаларды іске асыру мүмкіндіктерін қарастырды, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметінен.
Қазақстанның Бельгиядағы елшісі Роман Василенко Борис Дильесмен кездесіп, сауда-экономикалық, инвестициялық, цифрлық және мәдени ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Тараптар бірлескен жобаларды жүзеге асыруға мүдделі екенін растады.
Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров Ташкент халықаралық инвестициялық форумы аясында Ұлыбритания мен Өзбекстан өкілдерімен кездесулер өткізді. Кездесулер барысында сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты дамыту, энергетика, көлік, логистика және агроөнеркәсіп салаларындағы өзара іс-қимылды кеңейту мәселелері талқыланды.
Сонымен қатар Әлібек Қуантыров Грекияның Қазақстандағы елшісі Антония Кацурумен кездесті. Дипломаттар энергетика, көлік, агроөнеркәсіптік кешен, туризм және цифрлық технологиялар салаларындағы ынтымақтастықты кеңейтуге қызығушылық білдірді. Өткен жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Грекия арасындағы тауар айналымы 2,4 млрд АҚШ долларын құрады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
19.06.2026, 20:52 3371
Қасым-Жомарт Тоқаев Польша Сенатының Маршалын қабылдады
Сурет: Ақорда
Достарға айту
Ақордада Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Польша Республикасы Сенатының Маршалы Малгожата Кидава-Блоньскамен кездесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастықты нығайту және қос елдің заң шығарушы органдары арасындағы байланысты кеңейту мәселелері талқыланды.
Әлемдегі экономикасы ірі елдердің жиырмалығына енетін Польшамен ықпалдастықты ілгерілетуге ерекше мән береміз. Мемлекеттеріміз арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнаған сәттен бері шынайы достық байланыстар қалыптасты. Парламентаралық диалог жоспарлы әрі табысты түрде дамып келеді", - деді Мемлекет басшысы.
Әңгімелесу барысында тарихи тамырластыққа айрықша назар аударылды. Президент көрнекті поляк этнографы Адольф Янушкевичтің қазақ тарихын, тұрмысы мен мәдениетін зерттеуге зор үлес қосқанын атап өтті.
Қасым-Жомарт Тоқаев орайлы сәтті пайдалана отырып, Польша Президенті Кароль Навроцкийге және Премьер-министр Дональд Тускке ыстық ықыласын жолдады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
19.06.2026, 18:21 6756
Қазақстан мен Черногория екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға ниетті
Сурет: Ақорда
Достарға айту
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Яков Милатович кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізп, екі елдің ресми делегация мүшелерінің қатысуымен жалғасқан келіссөздер барысында саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық перспективасы талқыланды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Мемлекет басшысы Черногорияны Қазақстанның Балқан түбегіндегі сенімді серіктестерінің бірі ретінде атады. Сонымен қатар ел басшылығының Еуропа Одағына мүше болуды көздеген сындарлы әрі дәйекті саясатына жоғары баға берді.
Президент мырза, Сіз реформаларды ілгерілетіп, Еуропа Одағы мүшелігіне үміткер саналатын Черногорияның позициясын нығайтуда маңызды рөл атқарып келесіз. Осы ұлттық стратегиялық мақсатқа жету жолында табыс тілейміз", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президент Қазақстанның Черногориямен серіктестік қарым-қатынасты жандандыруға ниетті екенін жеткізіп, соңғы жылдары тұрақты сипат алған жоғары деңгейдегі саяси байланыстардың арқасында ынтымақтастық қарқынды дамып келе жатқанына тоқталды.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, Подгорицада Қазақстан Бас консулдығының ашылуы Астананың екіжақты байланыстарды барынша кеңейтуге бейіл екенін көрсетеді. Осы орайда Президент елордамызда Черногорияның дипломатиялық миссиясын ашу, сондай-ақ парламентаралық байланыстарды күшейту жөніндегі қарымта қадамдардың маңызын атап өтті.
Мемлекет басшысы бизнес өкілдерінің бүгінгі кездесуі мен сауда палаталары арасында қол қойылатын Өзара түсіністік туралы меморандум іскерлік қатынастарды дамытуға септігін тигізетініне сенім білдірді.
Қазақстан нарығына кіргісі келетін черногориялық компанияларды қуана қарсы аламыз. Кәсіпкерлеріңізге қолайлы жағдай жасауға дайынбыз", - деп мәлім етті Президент.
Яков Милатович Қазақстанға сапары екіжақты дипломатиялық байланыс орнағанына 20 жыл толуымен тұспа-тұс келіп отырғанына мән бере келе, "бұл сапар саяси тұрғыдан екі ел арасындағы сенім деңгейі жоғары екенін байқатады. Оның іскерлік бөлігіне жауапты Экономикалық палата да сапардың мазмұнды өтуіне мүдделі. Сауда палаталары арасында қол қойылатын Өзара түсіністік туралы меморандум тығыз экономикалық ықпалдастыққа тың серпін береді деп санаймын", - деді Черногория Президенті.
Оның айтуынша, Қазақстан визасыз режим қолданылатын елдердің қатарына кіреді.
Біз қазір Еуропа Одағына мүше болу үдерісінің соңғы кезеңіндеміз. 2028 жылы Одақтың толық мүшесі боламыз деп үміттенеміз. Бұл Черногория мен Қазақстан арасындағы серіктестікті нығайтатын тағы бір алаң болмақ", - деді Яков Милатович.
Тараптар өзара сауда көлемін ұлғайту, көлік-логистика, ауыл шаруашылығы және цифрландыру сияқты экономиканың басты секторларындағы ынтымақтастықты арттыру мүмкіндіктерін қарастырды.
Сонымен қатар мемлекеттер басшылары екі елдің туризм, жоғары білім және ғылым салаларындағы серіктестігін, мәдени-гуманитарлық байланыстарын ілгерілетуге уағдаласты. Бұл бастамалар халықтарымыздың достығы мен өзара түсіністігін нығайта түседі.
Осы орайда Қасым-Жомарт Тоқаев Черногория Ұлттық кітапханасы жанынан Абай орталығын ашуға ықпал еткені үшін Яков Милатовичке ризашылығын білдірді.
Бұдан бөлек, президенттер жаһандық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.
Келіссөздер қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев пен Яков Милатович Бірлескен мәлімдеме қабылдады.
Сапар аясында туризм, БАҚ саласындағы ынтымақтастықты дамытуға, сондай-ақ екі елдің сауда-экономикалық палаталары арасында байланыс орнатуға бағытталған құжаттарға қол қойылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
19.06.2026, 17:09 7286
Қазақстан Черногория бизнесінің ел нарығында кеңеюін құптайды - Тоқаев
Достарға айту
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Яков Милатович кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді. Екі елдің ресми делегация мүшелерінің қатысуымен жалғасқан келіссөздер барысында саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық перспективасы талқыланды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Мемлекет басшысы Черногорияны Қазақстанның Балқан түбегіндегі сенімді серіктестерінің бірі ретінде атады. Сонымен қатар ел басшылығының Еуропа Одағына мүше болуды көздеген сындарлы әрі дәйекті саясатына жоғары баға берді.
Президент мырза, Сіз реформаларды ілгерілетіп, Еуропа Одағы мүшелігіне үміткер саналатын Черногорияның позициясын нығайтуда маңызды рөл атқарып келесіз. Осы ұлттық стратегиялық мақсатқа жету жолында табыс тілейміз", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президент Қазақстанның Черногориямен серіктестік қарым-қатынасты жандандыруға ниетті екенін жеткізіп, соңғы жылдары тұрақты сипат алған жоғары деңгейдегі саяси байланыстардың арқасында ынтымақтастық қарқынды дамып келе жатқанына тоқталды.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, Подгорицада Қазақстан Бас консулдығының ашылуы Астананың екіжақты байланыстарды барынша кеңейтуге бейіл екенін көрсетеді.
Осы орайда Президент елордамызда Черногорияның дипломатиялық миссиясын ашу, сондай-ақ парламентаралық байланыстарды күшейту жөніндегі қарымта қадамдардың маңызын атап өтті.
Мемлекет басшысы бизнес өкілдерінің бүгінгі кездесуі мен сауда палаталары арасында қол қойылатын Өзара түсіністік туралы меморандум іскерлік қатынастарды дамытуға септігін тигізетініне сенім білдірді.
Қазақстан нарығына кіргісі келетін черногориялық компанияларды қуана қарсы аламыз. Кәсіпкерлеріңізге қолайлы жағдай жасауға дайынбыз", - деді Президент.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
19.06.2026, 16:41 8771
Қазақстан БҰҰ-ның халықаралық хабы ретіндегі позициясын нығайтуда
Сурет: Kazakhstan Today
Достарға айту
Қазақстан маусым айының алғашқы жартысында халықаралық ынтымақтастықтың өңірлік орталығы ретіндегі рөлін нығайтуға бағытталған бірнеше маңызды қадам жасады.
Соңғы апталардағы іс-шаралар елдің халықаралық бастамаларға қатысушы ғана емес, БҰҰ жүйесінің ұйымдарымен және жаһандық даму институттарымен өзара іс-қимылдың дербес инфрақұрылымын қалыптастырып келе жатқанын көрсетеді.
Осы кезеңдегі басты оқиғалардың бірі - Алматыда Орталық Азиядағы БҰҰ Жаһандық шарты алғашқы өңірлік кеңсесінің ашылуы болып табылмақ. Жаңа құрылым жауапты бизнес қағидаттарын, тұрақты даму мақсаттарын және корпоративтік басқару стандарттарын ілгерілету алаңына айналмақ. Кеңсе арқылы компаниялар халықаралық комплаенс стандарттарына, экологиялық және әлеуметтік жауапкершілік тәжірибелеріне, сондай-ақ БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарын іске асыру құралдарына қол жеткізе алады.
Бұл кеңсенің ашылуы символдық қадам ғана емес, БҰҰ Жаһандық шарты әлемнің 160-тан астам еліндегі мыңдаған компаниялар мен ұйымдарды біріктіретін тұрақты бизнес саласындағы ең ірі халықаралық бастама болып саналады. Оның өңірлік өкілдігінің Алматыда орналасуы Қазақстанның Орталық Азиядағы халықаралық экономикалық және сарапшылық белсенділіктің маңызды орталығына айналып келе жатқандығының куәсі.
Бұл бағыттағы жұмыс маусым айының ортасында жалғасын тапты. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымы арасындағы Орталық Азия мен Ауғанстан үшін Тұрақты даму мақсаттары жөніндегі БҰҰ-ның Өңірлік орталығын құру туралы келісімді ратификациялау жөніндегі заңға қол қойды. Сонымен қатар жаңа орталықтың жұмыс істеу қағидаттарын айқындайтын өзара түсіністік туралы меморандум да ратификацияланды.
Іс жүзінде бұл Қазақстан аумағында Орталық Азия елдері мен Ауғанстанды қамтитын өңірдегі Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу жөніндегі қызметті үйлестіретін жаңа халықаралық алаңның құрылуын білдіреді. Орталық ұлттық үкіметтер, халықаралық ұйымдар, сарапшылар қауымдастығы және даму институттары арасындағы өзара іс-қимыл тетігіне айналмақ.
Маусым айында қабылданған шешімдер Қазақстанның халықаралық аренадағы рөлін күшейтуге бағытталған кең ауқымды стратегияның бір бөлігі болып табылады. Соңғы жылдары ел халықаралық ұйымдардың қатысуын кеңейтіп, келіссөздер мен өңірлік диалог алаңы ретінде танылып келеді. Сонымен қатар Қазақстан БҰҰ, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес, Шанхай ынтымақтастық ұйымы және басқа да халықаралық бірлестіктер аясында бастамалар көтеріп келеді.
Осы үдерістерге Қазақстанның Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев де жоғары баға берді. Kazakhstan Today агенттігінің сұрағына жауап бере отырып, ол Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымының өңірлік хабы ретінде сенімді түрде қалыптасып келе жатқанын мәлімдеді.
Бүгінде Алматыда 60-тан астам халықаралық ұйым жұмыс істейді. Бұл Қазақстанның халықаралық ұйымдар үшін өңірлік орталыққа айналып келе жатқанын көрсетеді. Біз бұл үрдісті жан-жақты қолдаймыз", - деді Ермек Көшербаев.
Министрдің айтуынша, халықаралық ұйымдардың Қазақстандағы қатысуын кеңейту елдің түрлі халықаралық бағдарламаларға қатысу мүмкіндіктерін арттырады.
Сондай-ақ ол Алматының халықаралық құрылымдарды орналастыру үшін қолайлы қала екенін атап өтті. Бұған дамыған инфрақұрылым, қауіпсіздік деңгейі және қажетті қызметтердің қолжетімділігі ықпал етеді.
Сыртқы саясат тұрғысынан алғанда, қазіргі үдерістер Қазақстанның халықаралық субъектілігін нығайтуға деген ұмтылысын көрсетеді. Егер тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында негізгі міндет қолданыстағы халықаралық құрылымдарға интеграциялану болса, бүгінде Қазақстан өңірлік бастамалардың ұйымдастырушысы әрі үйлестірушісі ретінде жиі көріне бастады. Алматыда БҰҰ-ның жаңа институттарының ашылуы осы үрдістің айқын дәлелі саналады.
Сонымен қатар дипломатия мен экономикалық даму арасындағы байланыс та күшейіп келеді. Халықаралық ұйымдардың қатысуы инвестиция тартуға, сарапшылық әлеуетті дамытуға, халықаралық байланыстарды кеңейтуге және елдің жаһандық деңгейдегі танымалдылығын арттыруға ықпал етеді. Осылайша халықаралық қызмет сыртқы саясат құралы ғана емес, экономиканы және адами капиталды ұзақ мерзімді дамыту факторы ретінде де қарастырыла бастады.
Осы тұрғыдан алғанда, соңғы апталардағы оқиғалар Қазақстан сыртқы саясатының жаңа бағыты қалыптасып келе жатқанын көрсетеді. Оның негізінде халықаралық ұйымдармен жүйелі серіктестік, өңірлік үйлестіру функцияларын күшейту және БҰҰ инфрақұрылымының маңызды бөлігіне айналу мақсаты жатыр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
19.06.2026, 14:10 12271
Қазақстан мен Черногория екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға ниетті екендіктерін растады
Сурет: Ақорда
Достарға айту
Президент елімізге ресми сапармен келген Черногория Президентімен шағын құрамда келіссөз жүргізді, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметінен.
Кездесу барысында мемлекет басшысы мәртебелі мейманға ілтипат танытып, Черногория Президентінің сапары тарихи мәнге ие екенін атап өтті.
Президент мырза, Қазақстанға ресми сапармен келгеніңізге өте қуаныштымын. Черногория мемлекеті басшысының алғашқы тарихи сапарына ерекше мән беріп отырмыз. Сондай-ақ мұны еліміз үшін өте маңызды уақиға ретінде қарастырамыз. Келіссөздеріміздің нәтижесі екіжақты қарым-қатынасқа тың серпін беретініне сенімім кәміл. Черногорияны халқымыз жақсы біледі. Көптеген азаматымыз жыл сайын Сіздің елде демалып, жақсы әсермен оралады. Орайлы сәтті пайдалана отырып, еліңіздің тәуелсіздік алғанына 20 жыл толуымен құттықтаймын. Осы жылдарда біз жақсы қарым-қатынас орнаттық. Өзара ынтымақтастығымыздың мазмұнын байыта түсу керек деп ойлаймын. Оған ешқандай кедергі жоқ. Сіздің іскерлік делегацияңыздың құрамы өте салмақты. Бұл экономикалық және іскерлік байланыстардың ауқымын арттыра түсуге ниетті екеніңізді көрсетеді", - деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мемлекет басшысы Қазақстан Черногориямен өзара қызығушылық танытқан барлық бағытта тығыз ықпалдастық орнатуға дайын екенін растады. Президенттің айтуынша, сауда-инвестиция, көлік байланысы, цифрлық шешімдер, ауыл шаруашылығы, туризм және тағы басқа салалар бірлескен жұмыстың басым векторы болуға тиіс.
Құрметті Президент! Ең алдымен Қазақстанға шақырғаныңыз үшін алғыс айтамын. Өзіңіз атап өткендей, бұл - Черногория Президентінің Қазақстанға алғашқы ресми сапары. Бүгін біз екіжақты ынтымақтастықтың көкжиегін кеңейте түсеміз деп сенемін. Бұл сапар байланыстарымыздың жоғары деңгейге көтерілгенін көрсетеді. Мен мұнда достас елдің өкілі ретінде келдім. Черногорияның іскерлік орта өкілдері де осында. Екі елдің сауда палаталары бизнес форум өткізеді, бірқатар меморандумға қол қойылады. Черногория Қазақстан азаматтары үшін танымал бағыттардың бірі екенін білеміз. Осы тараптағы байланыстарымызды күшейте түскіміз келеді. Сізбен саяси ынтымақтастықты ғана емес, экономикалық серіктестікті кеңейту мүмкіндіктерін де талқылаймыз, - деді Черногория Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа көрсеткен қонақжайлық үшін алғыс білдіре отырып.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
19.06.2026, 12:45 12956
Қазақстанның халықаралық гуманитарлық құқық жөніндегі бастамасы БҰҰ аясында 110-нан астам елдің басын қосты
Достарға айту
Біріккен Ұлттар Ұйымы штаб-пәтерінде БҰҰ Экономикалық және әлеуметтік кеңесінің гуманитарлық сегменті аясындағы отырыс өтті. Қатысушылар гуманитарлық көмекті үйлестіру, жаһандық дағдарыстарға ден қою және қарулы қақтығыстар аймақтарындағы бейбіт тұрғындарды қорғау мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Қазақстан Республикасының БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілдігінің баспасөз қызметінен.
Қазақстанның БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі Қайрат Омаров Халықаралық гуманитарлық құқық жөніндегі жаһандық бастаманың негізін қалаған алты мемлекет атынан бірлескен мәлімдеме жасады. Бұл елдердің қатарында Бразилия, Қытай, Франция, Иордания, Қазақстан және Оңтүстік Африка Республикасы бар.
Мәлімдемеде мемлекеттер қарулы қақтығыстар аймақтарындағы бейбіт тұрғындарды қорғау жағдайына алаңдаушылық білдіріп, барлық тараптарды халықаралық гуманитарлық құқық нормаларын сақтауға шақырды.
Отырыс барысында 2026 жылғы 7 желтоқсанда Амман қаласында өтетін жоғары деңгейдегі Humanity in War ("Соғыс жағдайындағы гумандылық") халықаралық конференциясының ұйымдастырылатыны жарияланды.
Форум қатысушылары алты мемлекеттің бастамасы әртүрлі саяси ұстанымдағы елдер арасындағы ынтымақтастықтың тиімді алаңына айналғанын атап өтті. Қазіргі уақытта бастамаға ресми түрде 113 мемлекет қосылған, ал 160-тан астам елдің өкілдері мемлекетаралық консультацияларға қатысқан.
Сонымен қатар БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде "Әйелдер, бейбітшілік және қауіпсіздік" тақырыбында ашық пікірталастар өтті.
Қайрат Омаров халықаралық қауымдастықтың әзірге әйелдердің бейбіт келіссөздер мен шешім қабылдау процестеріне толыққанды қатысуын қамтамасыз ете алмағанын айтты. Ол тұрақты даму мен жаһандық қауіпсіздік үшін инклюзивті бейбітшілік процестерінің маңыздылығын ерекше атап өтті.
Дипломат сондай-ақ Қазақстанның осы бағыттағы жұмысына тоқталды. Оның айтуынша, ел БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің әйелдердің құқықтарын қорғау және олардың бейбітшілік процестеріне қатысуын кеңейтуге арналған 1325-қарарын іске асыру жөніндегі алғашқы Ұлттық іс-қимыл жоспарын табысты жүзеге асырды.
Қазіргі уақытта Қазақстан әйелдердің бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайтудағы мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған екінші ведомствоаралық жоспарды әзірлеуге кірісті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
19.06.2026, 09:30Еңбек министрлігі зейнетақы жүйесін жетілдіру жөніндегі жұмыс тобын құрды 19.06.2026, 09:58 17526Қазақстан СІМ Вьетнам еліне кірудің жаңа жүйесінің іске қосылғанын хабарлайды19.06.2026, 10:03 14451Орталықазиялық бизнес өкілдері Оңтүстік Африкадағы іскерлік байланыстарын кеңейтуде19.06.2026, 12:45 12476Қазақстанның халықаралық гуманитарлық құқық жөніндегі бастамасы БҰҰ аясында 110-нан астам елдің басын қосты19.06.2026, 14:20 12321Үкіметте ауыл шаруашылығы өнімдеріне қатысты ҚҚС бойынша жеңілдіктерді қолдану тәртібі қаралды
12.06.2026, 20:00 132661Қазақстанның Сыртқы істер министрі Франция Елшісін қабылдады12.06.2026, 15:51 132406Корея Республикасының Елшісі сенім грамоталарының көшірмелерін тапсырды12.06.2026, 21:12 131456Қазақстан СІМ басшысы Таиланд Елшісін қабылдады12.06.2026, 19:31 129486Мемлекет басшысы Ресей Федерациясының Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады12.06.2026, 17:05 Аустрия парламентінің депутаттары парламентаралық диалогты одан әрі жалғастыруға мүдделілік білдірді129101Аустрия парламентінің депутаттары парламентаралық диалогты одан әрі жалғастыруға мүдделілік білдірді
22.05.2026, 20:31 251796Үкіметте ЕАЭО-ның шекарасындағы өткізу пункттерін жаңғырту мәселелері талқыланды22.05.2026, 17:13 237501Мемлекет басшысы Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошановты қабылдады22.05.2026, 14:48 207931ШҚО-да "Ұлан" көлік-логистикалық кешені пайда болады21.05.2026, 13:04 195006Италия сенаторы Қазақстандағы саяси реформалардың жоғары деңгейін атап өтті21.05.2026, 14:05 194991Қазақстан мен БАӘ авиация мен инвестиция саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда

