19.06.2026, 10:03 691

Орталықазиялық бизнес өкілдері Оңтүстік Африкадағы іскерлік байланыстарын кеңейтуде

Орталықазиялық бизнес өкілдері Оңтүстік Африкадағы іскерлік байланыстарын кеңейтуде
Сурет: СІМ
Йоханнесбург қаласында Орталық Азия елдері мен Ресейден келген кәсіпкерлердің қатысуымен жұмыс бизнес-форумы өтті. Іс-шараны Давлатов компаниялар тобы Орталық Азия Тобы консалтингтік компаниясымен серіктестікте және Қазақстан Республикасы, Әзербайжан Республикасы мен Грузияның Оңтүстік Африка Республикасындағы Елшіліктерінің қолдауымен ұйымдастырды, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметінен.

Іс-шараға өнеркәсіп телекоммуникациялар, бөлшек сауда, агроөнеркәсіп кешен, логистика, құрылыс, білім беру, дистрибуция және зергерлік өнеркәсіп саларында қызмет атқаратын Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Ресей бизнес қауымдастықтарының өкілдері қатысты. Оңтүстік Африка тарапының іскерлік және сарапшылық орта өкілдері қатысты.

Форум барысында Қазақстан Республикасының Елшісі Еркін Ахинжанов Оңтүстік Африка елдерімен сауда-экономикалық және инвестициялық өзара іс-қимылды кеңейту жөніндегі дәйекті жұмысты атап өтіп, Орталық Азия елдері мен Африка құрлығы мемлекеттері арасындағы өңіраралық ынтымақтастықтың өсіп келе жатқан әлеуетіне назар аударды.

Кездесу аясында өңірлер арасындағы көлік-логистикалық өзара байланыстарды дамытуға ерекше назар аударылды. Қатысушылар жаһандық жеткізу тізбектерінің тұрақтылығын арттыруға, көлік ағындарын әртараптандыруға және жаңа нарықтарға қолжетімділікті кеңейтуге бағытталған стратегиялық бағыт ретінде Орта дәліздің маңызын талқылады.

Форум қорытындысы бойынша Оңтүстік Африка-Қазақстан сауда-мәдени қауымдастығы (SAKTCA) мен Орталық Азия Тобы (CAG) арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. Құжат бизнес қауымдастықтар арасындағы тұрақты өзара іс-қимыл алаңын дамытуға, сондай-ақ сауда-экономикалық, инвестициялық, мәдени және білім беру байланыстарын нығайтуға бағытталған.

Сапар бағдарламасы аясында делегация Гаутенг және Батыс Кейп провинцияларындағы Оңтүстік Африка экономикасының негізгі секторларын қамтитын кәсіпорындар мен инфрақұрылым нысандарының қызметімен танысты. Олардың қатарында тау-кен өнеркәсібі, агроөнеркәсіп кешені және экспортқа бағдарланған логистика салалары бар. Сонымен қатар Кейптаун Сауда-өнеркәсіп палатасының өкілдерімен кездесу өтіп, оның барысында тікелей іскерлік байланыстарды кеңейту және іскер топтар арасындағы экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамыту мүмкіндіктері талқыланды.

 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны