19.06.2026, 09:44 381

Талдықорғанда есірткі таратумен айналысты деген күдікпен ерлі-зайыптылар құрықталды

Талдықорғанда есірткі таратумен айналысты деген күдікпен ерлі-зайыптылар құрықталды
Сурет: Depositphotos
Құқық қорғау органдарының жүйелі және мақсатты жұмысының нәтижесінде қоғамға, әсіресе жастарға қауіп төндіретін тыйым салынған заттарды тарату арналарының жолы кесілуде, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер Талдықорғанда синтетикалық есірткіні өткізумен айналысты деген күдікпен ерлі-зайыптыны ұстады. Олар - Алматы қаласының 33 жастағы тұрғыны мен Алматы облысының 43 жастағы тұрғыны.

Тергеу мәліметтеріне сәйкес, күдіктілер мессенджерлердің бірі арқылы куратордан нұсқау алып, тыйым салынған заттарды жасырын орындарға қалдырып жүрген. Жеке тінту және кейінгі тергеу әрекеттері барысында олардан ұнтақ тәрізді зат салынған орамалар, сондай-ақ есірткілерді өлшеп-орауға және таратуға арналған заттар тәркіленді.

Сонымен қатар Талдықорған қаласындағы уақытша тұрып жатқан мекенжайларында жүргізілген тінту кезінде қосымша есірткі заттары мен олардың заңсыз қызметпен айналысқанын айғақтайтын құрал-жабдықтар анықталды.

 
 
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны