19.06.2026, 12:45 81
Қазақстанның халықаралық гуманитарлық құқық жөніндегі бастамасы БҰҰ аясында 110-нан астам елдің басын қосты
Достарға айту
Біріккен Ұлттар Ұйымы штаб-пәтерінде БҰҰ Экономикалық және әлеуметтік кеңесінің гуманитарлық сегменті аясындағы отырыс өтті. Қатысушылар гуманитарлық көмекті үйлестіру, жаһандық дағдарыстарға ден қою және қарулы қақтығыстар аймақтарындағы бейбіт тұрғындарды қорғау мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Қазақстан Республикасының БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілдігінің баспасөз қызметінен.
Қазақстанның БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі Қайрат Омаров Халықаралық гуманитарлық құқық жөніндегі жаһандық бастаманың негізін қалаған алты мемлекет атынан бірлескен мәлімдеме жасады. Бұл елдердің қатарында Бразилия, Қытай, Франция, Иордания, Қазақстан және Оңтүстік Африка Республикасы бар.
Мәлімдемеде мемлекеттер қарулы қақтығыстар аймақтарындағы бейбіт тұрғындарды қорғау жағдайына алаңдаушылық білдіріп, барлық тараптарды халықаралық гуманитарлық құқық нормаларын сақтауға шақырды.
Отырыс барысында 2026 жылғы 7 желтоқсанда Амман қаласында өтетін жоғары деңгейдегі Humanity in War ("Соғыс жағдайындағы гумандылық") халықаралық конференциясының ұйымдастырылатыны жарияланды.
Форум қатысушылары алты мемлекеттің бастамасы әртүрлі саяси ұстанымдағы елдер арасындағы ынтымақтастықтың тиімді алаңына айналғанын атап өтті. Қазіргі уақытта бастамаға ресми түрде 113 мемлекет қосылған, ал 160-тан астам елдің өкілдері мемлекетаралық консультацияларға қатысқан.
Сонымен қатар БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде "Әйелдер, бейбітшілік және қауіпсіздік" тақырыбында ашық пікірталастар өтті.
Қайрат Омаров халықаралық қауымдастықтың әзірге әйелдердің бейбіт келіссөздер мен шешім қабылдау процестеріне толыққанды қатысуын қамтамасыз ете алмағанын айтты. Ол тұрақты даму мен жаһандық қауіпсіздік үшін инклюзивті бейбітшілік процестерінің маңыздылығын ерекше атап өтті.
Дипломат сондай-ақ Қазақстанның осы бағыттағы жұмысына тоқталды. Оның айтуынша, ел БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің әйелдердің құқықтарын қорғау және олардың бейбітшілік процестеріне қатысуын кеңейтуге арналған 1325-қарарын іске асыру жөніндегі алғашқы Ұлттық іс-қимыл жоспарын табысты жүзеге асырды.
Қазіргі уақытта Қазақстан әйелдердің бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайтудағы мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған екінші ведомствоаралық жоспарды әзірлеуге кірісті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
19.06.2026, 12:42 176
Израиль "Болашақ" халықаралық стипендиялық бағдарламасымен ынтымақтастықты дамытуға қызығушылық танытуда
Достарға айту
Қазақстанның Израильдегі Елшісі Дәулет Ембердиевтің Тель-Авив университетінің президенті, профессор Ариэль Поратпен кездесуі өтті. Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Израиль арасындағы академиялық, ғылыми және инновациялық ынтымақтастықты кеңейту перспективаларын талқылады, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметінен.
Тараптар академиялық алмасуларды дамытуға, бірлескен ғылыми-зерттеу жобаларын іске асыруға және жоғары оқу орындары арасындағы байланыстарды нығайтуға өзара қызығушылықтарын растады. Жасанды интеллект, цифрлық технологиялар, биомедицина, киберқауіпсіздік, су ресурстарын басқару және ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыру салаларындағы ынтымақтастыққа ерекше назар аударылды.
Сондай-ақ академиялық ұтқырлық бағдарламаларын кеңейту, бірлескен конференциялар, тағылымдамалар мен ғылыми зерттеулер ұйымдастыру, сондай-ақ инновациялар мен университеттік стартаптарды қолдау саласындағы тәжірибе алмасу мәселелерін талқыланды.
Кездесу қорытындысы бойынша Тель-Авив университеті мен Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті арасында әріптестік орнату мәселесін пысықтау жөнінде уағдаластыққа қол жеткізілді. Израиль тарапы қазақстандық студенттер мен зерттеушілердің білім алу, тағылымдамадан өту және ғылыми даярлық мүмкіндіктерін кеңейту мақсатында "Болашақ" халықаралық стипендиялық бағдарламасымен ынтымақтастықты дамытуға қызығушылық танытты.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
19.06.2026, 12:32 441
Қазақстан мен Бельгия арасындағы ынтымақтастық жаңа қарқын алды
Достарға айту
Қазақстанның Бельгиядағы Елшісі Роман Василенко Брюссель астаналық өңірінің Министр-президенті Борис Дильеспен кездесті. Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Брюссель астаналық өңірі арасындағы ынтымақтастықты дамыту перспективаларын талқылап, сауда-экономикалық байланыстарға, инвестицияларға, цифрландыруға, инновацияларға және өңіраралық өзара іс-қимылға ерекше назар аударды, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметінен.
Р.Василенко Бельгияның Қазақстан үшін маңызды саяси әрі экономикалық серіктестердің бірі екенін атап өтті. 2025 жылдың қорытындысы бойынша екіжақты сауда көлемі 583 млн АҚШ долларына жетіп, 28%-ға артқаны, ал Бельгияның Қазақстан экономикасына салған инвестицияларының жалпы көлемі 14,5 млрд АҚШ долларынан асқаны атап өтілді. Бұл көрсеткіш Бельгияны еліміздің экономикасына инвестиция салатын он ірі инвестордың қатарына қосады.
Инвестициялар тарту және кәсіпкерлікті дамыту мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді. Осы тұрғыда тараптар Қазақстан мен Брюссель астаналық өңірінің іскер топтары арасындағы ынтымақтастықты кеңейту мүмкіндіктерін, сондай-ақ инвестицияларды және шағын және орта бизнесті қолдау институттары арасындағы өзара іс-қимылды талқылады.
Келіссөздердің жеке блогы цифрландыру, инновациялар және жасанды интеллект мәселелеріне арналды.
Тараптар сондай-ақ "ақылды қалаларды" дамыту, цифрлық басқару және қалалық инфрақұрылым мәселелері бойынша пікір алмасты. Осы контексте Қазақстанның қоғамдық қауіпсіздік пен жол қозғалысын басқаруға арналған "Сергек" зияткерлік жүйесі таныстырылды. Бұл жүйе еліміздің ірі қалаларында табысты түрде енгізілуде.
Б. Дильестің Брюссельдегі Уккел коммунасының мэрі ретіндегі көпжылдық тәжірибесін және қалалық басқару саласындағы қызметін атап өте отырып, тараптар қазақстандық өңірлермен әріптестік байланыстар орнату мүмкіндігін қарастырды. Ықтимал ынтымақтастық урбанистика, муниципалдық басқару, мемлекеттік қызметтерді цифрландыру, инвестициялар тарту және қалалардың тұрақты дамуы салаларындағы тәжірибе алмасуды қамтуы мүмкін.
Өз кезегінде Б. Дильес Қазақстанның Орталық Азия өңіріндегі маңызды рөлін және еліміздің қарқынды дамып келе жатқан экономикасын атап өтіп, сауда-экономикалық және мәдени ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға жәрдемдесуге ниетті екенін білдірді. Осы тұрғыда сұхбаттастар Қазақстандағы Брюссель компанияларының қатысуының оң динамикасын қанағаттанушылықпен атап өтті. Олардың қатарында Алматы мен Астанада жұмыс істейтін танымал Le Pain Quotidien наубайхана-мейрамханалар желісі ерекше аталды.
Тараптар сондай-ақ мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық мәселелерін талқылап, осы саладағы бірлескен жобаларды іске асырудың маңыздылығын растады. Осыған байланысты жақында құрылған Алматы өнер мұражайы мен Брюссельдегі "KANAL - Centre Pompidou" мұражайы арасындағы жоба атап өтілді. Жоба көрмелермен алмасуды, тәжірибе бөлісуді және мәдени бастамаларды жүзеге асыруды көздейді.
Кездесу барысында Елші Министр-президентті Қазақстанда жүргізіліп жатқан ауқымды саяси реформалар және 2026 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енетін жаңа Конституцияның қабылдануы туралы хабардар етті. Реформалардың мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіруге, заң үстемдігін нығайтуға және азаматтардың қоғамдық-саяси өмірге қатысуын кеңейтуге бағытталғаны атап өтілді.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар практикалық ынтымақтастықты дамытуға өзара мүдделілігін растады және инвестициялық, инновациялық және өңіраралық бағыттардағы бірлескен бастамаларды іске асыру бойынша байланыстарды жалғастыруға келісті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
19.06.2026, 10:03 3046
Орталықазиялық бизнес өкілдері Оңтүстік Африкадағы іскерлік байланыстарын кеңейтуде
Сурет: СІМ
Достарға айту
Йоханнесбург қаласында Орталық Азия елдері мен Ресейден келген кәсіпкерлердің қатысуымен жұмыс бизнес-форумы өтті. Іс-шараны Давлатов компаниялар тобы Орталық Азия Тобы консалтингтік компаниясымен серіктестікте және Қазақстан Республикасы, Әзербайжан Республикасы мен Грузияның Оңтүстік Африка Республикасындағы Елшіліктерінің қолдауымен ұйымдастырды, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметінен.
Іс-шараға өнеркәсіп телекоммуникациялар, бөлшек сауда, агроөнеркәсіп кешен, логистика, құрылыс, білім беру, дистрибуция және зергерлік өнеркәсіп саларында қызмет атқаратын Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Ресей бизнес қауымдастықтарының өкілдері қатысты. Оңтүстік Африка тарапының іскерлік және сарапшылық орта өкілдері қатысты.
Форум барысында Қазақстан Республикасының Елшісі Еркін Ахинжанов Оңтүстік Африка елдерімен сауда-экономикалық және инвестициялық өзара іс-қимылды кеңейту жөніндегі дәйекті жұмысты атап өтіп, Орталық Азия елдері мен Африка құрлығы мемлекеттері арасындағы өңіраралық ынтымақтастықтың өсіп келе жатқан әлеуетіне назар аударды.
Кездесу аясында өңірлер арасындағы көлік-логистикалық өзара байланыстарды дамытуға ерекше назар аударылды. Қатысушылар жаһандық жеткізу тізбектерінің тұрақтылығын арттыруға, көлік ағындарын әртараптандыруға және жаңа нарықтарға қолжетімділікті кеңейтуге бағытталған стратегиялық бағыт ретінде Орта дәліздің маңызын талқылады.
Форум қорытындысы бойынша Оңтүстік Африка-Қазақстан сауда-мәдени қауымдастығы (SAKTCA) мен Орталық Азия Тобы (CAG) арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. Құжат бизнес қауымдастықтар арасындағы тұрақты өзара іс-қимыл алаңын дамытуға, сондай-ақ сауда-экономикалық, инвестициялық, мәдени және білім беру байланыстарын нығайтуға бағытталған.
Сапар бағдарламасы аясында делегация Гаутенг және Батыс Кейп провинцияларындағы Оңтүстік Африка экономикасының негізгі секторларын қамтитын кәсіпорындар мен инфрақұрылым нысандарының қызметімен танысты. Олардың қатарында тау-кен өнеркәсібі, агроөнеркәсіп кешені және экспортқа бағдарланған логистика салалары бар. Сонымен қатар Кейптаун Сауда-өнеркәсіп палатасының өкілдерімен кездесу өтіп, оның барысында тікелей іскерлік байланыстарды кеңейту және іскер топтар арасындағы экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамыту мүмкіндіктері талқыланды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
18.06.2026, 19:53 17706
Астана әзербайжандық пациенттер үшін жаңа мүмкіндіктер ашуда
Достарға айту
Бакуда өткен Астана қаласының медициналық туризміне арналған халықаралық роуд-шоуға Қазақстан мен Әзербайжанның жетекші медициналық ұйымдарының, туристік саласының және екі елдің кәсіби қоғамдастығының өкілдері қатысты. Іс-шараны Қазақстан Республикасының Әзербайжан Республикасындағы Елшілігінің және Әзербайжанның Медициналық және термалды туризмді қолдау қауымдастығының қолдауымен Astana Tourism туризмді дамыту орталығы ұйымдастырды, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметінен.
Қазақстан Республикасының Әзербайжандағы Елшісі Әлім Байел роуд-шоудың Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы денсаулық сақтау және медициналық туризм саласындағы ынтымақтастықты нығайтудың маңызды алаңына айналғанын атап өтті. Іс-шараның басты мақсаты - Қазақстан астанасының заманауи медициналық қызметтерін халықаралық нарықта таныту, екі елдің клиникалары мен туристік компаниялары арасындағы серіктестік байланыстарды дамыту, сондай-ақ шетелдік пациенттерді Астанада емделуге тарту.
Іс-шара барысында елорданың жетекші медициналық ұйымдары өз жетістіктерін таныстырып, диагностика мен емдеудің озық әдістері туралы баяндап, сондай-ақ бүгінгі таңда Астана медицинасының қолданысындағы жоғары технологиялық шешімдерді көрсетті.
Бүгінде Астана Орталық Азиядағы медициналық туризмнің жетекші орталығы ретіндегі мәртебесін сенімді түрде нығайтып келеді. Елордамызда Joint Commission International (JCI) халықаралық стандарттарына сәйкес аккредиттелген 9 медициналық ұйым қызмет көрсетеді. Бұл медициналық көмектің сапасы мен қауіпсіздігінің жоғары деңгейін растайды.
Нейрохирургия, онкологиялық ауруларды емдеу, балаларды оңалту, репродуктивті медицина және эстетикалық хирургия бағыттары қатысушылардың ерекше қызығушылығын тудырды. Дәл осы салалар бүгінде Әзербайжаннан келетін пациенттер арасында ең жоғары сұранысқа ие бағыттардың қатарында.
Астана қаласы делегациясының құрамында Балаларды оңалту ұлттық орталығы, Ұлттық нейрохирургия орталығы, Ұлттық ғылыми онкология орталығы, Ecomed репродуктивті медицина және Tulip Medicine пластикалық хирургия клиникаларының өкілдері болды. Олар өз мүмкіндіктерін таныстырып, әзербайжандық әріптестерімен бірлескен жұмыстың перспективаларын талқылады.
Роуд-шоу бағдарламасы Астана қаласының медициналық ұйымдарының таныстырылымдарын, екі елдің медицина қауымдастығы өкілдері арасындағы B2B кездесулер, сондай-ақ медициналық туризм саласындағы серіктестікті одан әрі дамытуға бағытталған ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қою рәсімін қамтыды.
Іс-шараның жалғасы ретінде 17 маусым күні Баку тұрғындары үшін Citomed клиникасының базасында тегін алғашқы консультациялар ұйымдастырылды. Астаналық жетекші мамандар пациенттерді қабылдап, диагностика және емдеу мәселелері бойынша кәсіби кеңес алу мүмкіндігін ұсынды.
Бакуда өткен халықаралық роуд-шоу Астана қаласының медициналық туризмін дамыту стратегиясын іске асырудағы және елордамызды сапалы әрі жоғары технологиялық медициналық көмектің халықаралық орталығы ретінде ілгерілетудегі кезекті маңызды қадам болды. Осындай бастамаларды дамыту Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктерін ашып, өңір тұрғындарының әлемдік деңгейдегі заманауи медициналық технологияларға қолжетімділігін кеңейтуге ықпал етеді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
18.06.2026, 19:49 16431
Словакияда еліміздегі әйелдер құқықтарын ілгерілету мәселелері талқыланды
Сурет: СІМ
Достарға айту
Қазақстанның Словакиядағы Елшісі Жанна Сағынова Словакия әйелдер қауымдастығының төрайымы Моника Дюреховамен кездесу өткізіп, Қазақстандағы әйелдерді қолдау шаралары мен гендерлік теңдік мәселелері талқылады, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметінен.
Кездесу барысында Елші Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бастамасымен жүзеге асырылып жатқан әйелдерді қолдауға бағытталған реформалар туралы ақпарат берді. Атап айтқанда, әйелдердің елдің қоғамдық-саяси өміріндегі рөлін арттыру, әйелдер кәсіпкерлігін дамыту, сондай-ақ әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі шараларға ерекше назар аударылды.
М.Дюрехова Қазақстанда әйелдерді жан-жақты қолдауға және олардың мемлекеттік басқару саласындағы басшылық қызметтерге ілгерілеуіне бағытталған мемлекеттік саясатқа жоғары баға берді.
Қауымдастық басшысы елде қабылданған гендерлік теңдікті қамтамасыз ету, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жауапкершілікті күшейту жөніндегі заңдардың маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ ол Қазақстан Парламенті құрамындағы әйелдердің үлесі 18 пайызды құрайтынын жоғары бағалап, бұл көрсеткішті әйелдердің саяси белсенділігін арттыру жолындағы елеулі жетістік ретінде бағалады.
Өз кезегінде М.Дюрехова ұйымының басым бағыттарымен таныстырды. Аталған ұйым Словакия қоғамындағы әйелдердің ықпалын арттыруға белсенді түрде атсалысып, қайырымдылық және гуманитарлық қызмет жүргізеді, соның ішінде мұқтаж отбасыларға, әйелдер мен балаларға көмек көрсетеді.
Тараптар әйелдер құқықтарын ілгерілету мәселелері бойынша тәжірибе және озық практикалар алмасудың маңыздылығын атап өтіп, өзара байланыстарды одан әрі дамытуға қызығушылық білдірді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
18.06.2026, 17:38 18596
Қазақстан БҰҰ-ның өңірлік хабына айналып келеді
Достарға айту
Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымының өңірлік хабы ретінде қарқынды қалыптасып келеді. Бұл туралы Қазақстанның Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Алматыда өткен БҰҰ-ның Жаһандық орталығының ашылуы және БҰҰ-ның Өңірлік орталығының алдағы іске қосылуына байланысты Kazakhstan Today тілшісінің сұрағына берген жауабында мәлім етті.
Бүгінде Алматыда 60-тан астам халықаралық ұйым жұмыс істейді. Бұл Қазақстанның халықаралық ұйымдар үшін өңірлік орталыққа айналып келе жатқанын көрсетеді. Біз бұл үрдісті жан-жақты қолдаймыз", - деді Ермек Көшербаев.
Министрдің айтуынша, Қазақстанның халықаралық ұйымдар орналасатын алаң ретіндегі рөлінің артуы елдің түрлі халықаралық бағдарламаларға қатысу мүмкіндіктерін кеңейтеді.
Әрбір халықаралық бағдарлама оған қатысушы мемлекеттерге көмек көрсетуге бағытталған", - деп атап өтті министр.
Сондай-ақ, Ермек Көшербаев халықаралық құрылымдардың Алматыда орналасыуының артықшылықтарын атап өтті. Оның айтуынша, қаланың халықаралық орталық ретінде қалыптасуына дамыған инфрақұрылым, қауіпсіздік деңгейінің жоғары болуы және тиісті қызметтердің қолжетімділігі ықпал етеді.
Естеріңізге сала кетсек, кеше Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда БҰҰ-ның Өңірлік орталығын құру туралы заңға қол қойған болатын.
Сондай-ақ, бұған дейін Алматыда Орталық Азиядағы БҰҰ Жаһандық шартының алғашқы өңірлік кеңсесі ашылғаны хабарланған еді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
18.06.2026, 16:22 20246
18-20 маусымда елімізге Черногория Президенті келеді
Астанада 19 маусымда мемлекет басшыларының келіссөздері өтеді
Достарға айту
18-20 маусымда ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыртуымен Черногория Президенті Яков Милатович Қазақстанға ресми сапармен келеді, деп хабарлайды Ақорда.
19 маусымда жоғары деңгейдегі өтетін келіссөздер барысында тараптар саяси диалогты нығайту, сондай-ақ, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты кеңейтудің перспективаларын талқылайды", - деп көрсетілген ресми хабарламада.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
18.06.2026, 14:01 23811
Қазақстан мен Хаиль арасындағы ынтымақтастық жаңа қарқын алды
Сурет: СІМ
Достарға айту
Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясы Корольдігіндегі Елшісі Мадияр Меңілбеков Хаил провинциясына сапары барысында өңір басшылығымен және іскерлік топ өкілдерімен бірқатар маңызды кездесулер өткізді, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметінен.
Хаил провинциясының губернаторы ханзада Әбделазиз бен Саад бен Әбделазиз Әл Саудпен келіссөздерде екі ел арасындағы жоғары деңгейдегі саяси-экономикалық байланыстар атап өтіліп, өңіраралық кооперацияны тереңдету мәселелері талқыланды. Тараптар инвестициялық және ауыл шаруашылығы салаларындағы әлеуетті жобаларды бірлесе жүзеге асыру мүмкіндіктеріне баса назар аударды. Өңірлік даму басқармасының басшысы Омар бен Абдулла әл-Абдулжаббармен кездесу барысында провинцияның инфрақұрылымдық және урбанистік даму жоспарлары қаралды. Тараптар логистика, тау-кен, "ақылды қала" технологиялары және туризм салаларында тәжірибе алмасу жайын сөз етті.
Сонымен қатар Сауда-өнеркәсіп палатасы төрағасының орынбасары Әли бен Бандар әл-Судайримен екіжақты сауда-саттық көлемін арттыру жолдары талқыланды. Кездесуде бірлескен іс-шаралар, В2В кездесулерін ұйымдастыру және ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты мен импортын дамыту мәселелері ортаға салынды.
Келіссөздер қорытындысы бойынша, Хаил провинциясының басшылығымен инвестициялық серіктестік пен агроөнеркәсіптік кооперацияны іс жүзіне асыру мақсатында тұрақты жұмыс деңгейіндегі байланыстарды орнату жөнінде уағдаластықтарға қол жеткізілді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
19.06.2026, 09:30Еңбек министрлігі зейнетақы жүйесін жетілдіру жөніндегі жұмыс тобын құрды 19.06.2026, 09:58 4046Қазақстан СІМ Вьетнам еліне кірудің жаңа жүйесінің іске қосылғанын хабарлайды19.06.2026, 10:03 3951Орталықазиялық бизнес өкілдері Оңтүстік Африкадағы іскерлік байланыстарын кеңейтуде19.06.2026, 11:15 1501Қазақстан мен Таиланд арасындағы тауар айналымы 255 млн доллардан асты19.06.2026, 09:44 1201Талдықорғанда есірткі таратумен айналысты деген күдікпен ерлі-зайыптылар құрықталды
12.06.2026, 20:00 132656Қазақстанның Сыртқы істер министрі Франция Елшісін қабылдады12.06.2026, 15:51 132311Корея Республикасының Елшісі сенім грамоталарының көшірмелерін тапсырды12.06.2026, 21:12 131451Қазақстан СІМ басшысы Таиланд Елшісін қабылдады12.06.2026, 19:31 129471Мемлекет басшысы Ресей Федерациясының Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады12.06.2026, 17:05 Аустрия парламентінің депутаттары парламентаралық диалогты одан әрі жалғастыруға мүдделілік білдірді129096Аустрия парламентінің депутаттары парламентаралық диалогты одан әрі жалғастыруға мүдделілік білдірді
22.05.2026, 20:31 251791Үкіметте ЕАЭО-ның шекарасындағы өткізу пункттерін жаңғырту мәселелері талқыланды22.05.2026, 17:13 237491Мемлекет басшысы Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошановты қабылдады22.05.2026, 14:48 207921ШҚО-да "Ұлан" көлік-логистикалық кешені пайда болады21.05.2026, 13:04 195001Италия сенаторы Қазақстандағы саяси реформалардың жоғары деңгейін атап өтті21.05.2026, 14:05 194986Қазақстан мен БАӘ авиация мен инвестиция саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда

