28.12.2021, 18:21 12416

Қазақстанда 5 қаңтардан бастап банктерге, ХҚКО мен СОО-ға Ashyq-та "жасыл" статусы бар адамдарды ғана кіргізу жоспарлануда

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы Жандос Бүркітбаев Үкімет отырысында айтты.
Қазақстанда 5 қаңтардан бастап банктерге, ХҚКО мен СОО-ға Ashyq-та "жасыл" статусы бар адамдарды ғана кіргізу жоспарлануда
НҰР-СҰЛТАН. 28 ЖЕЛТОҚСАН - Қазақстанда 5 қаңтардан бастап банктерге, ХҚКО мен СОО-ға Ashyq-та "жасыл" статусы бар адамдарды ғана кіргізу жоспарлануда, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Сауда-ойын-сауық орталықтарына, сауда үйлеріне; спорт орталықтары мен фитнес-орталықтарға, йога-орталықтарына; караоке; бассейн; сауналарға, моншаларға; "Қазпошта" бөлімшелеріне; Халыққа қызмет көрсету орталықтарына "Ashyq" қосымшасымен жасыл статусы бар адамдардың кіруіне рұқсат беру жөнінде қосымша профилактика шараларын енгізу ұсынылады", - деді Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы Жандос Бүркітбаев Үкімет отырысында.

 
Осы норманы 2022 жылдың 5 қаңтарынан бастап енгізу ұсынылады.
 
Бұған дейін хабарланғандай, 2021 жылғы 27 желтоқсан 23.59-дағы эпидемиологиялық жағдай бойынша Қазақстанда коронавирустық инфекцияның 986 553 жағдайы расталды.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны