01.07.2022, 15:53 17856

Қазақстанда коронавирус ауруының 189 жаңа жағдайы анықталды

Қазақстанда коронавирус ауруының 189 жаңа жағдайы анықталды
Сурет: Depositphotos
НҰР-СҰЛТАН. 1 ШІЛДЕ - Қазақстанда өткен тәулікте ПТР-тестінің (КВИ+) оң нәтижесімен коронавирус ауруының 189 жаңа жағдайы тіркелді, пандемия басталғаннан бері барлығы - 1 306 797 жағдай, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY. 
 
КВИ ауруының 189 жаңа жағдайының 55-і Нұр-Сұлтанда, 98-і Алматыда анықталды.
 
1 шілдеге КВИ-ден 788 адам (741 КВИ+ және 47 КВИ -) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде: 
 
- стационарларда - 115 пациент бар; 
 
- амбулаториялық деңгейде - 673 пациент. 
 
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде: 
 
- ауыр халде – 6 пациент, 
 
- аса ауыр халде – 0 пациент, 
 
- ӨЖЖ аппаратында – 1 пациент бар. 
 
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің деректері бойынша, 29 маусымда коронавирус (КВИ -) белгілері бар пневмонияның 6 жағдайы анықталды. 
 
2022 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша, Қазақстанда коронавирустық инфекцияға қарсы 1-ші компонентпен 9 524 932 адам, 2-ші компонентпен - 9 308 744 адам вакцинацияланды. 4 793 372 адам ревакцинацияланды. 
 
Бұған дейін хабарланғандай, коронавируспен ауыратындар саны өскен жағдайда Қазақстан маска режиміне қайта оралуы мүмкін.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны