14.04.2019, 23:17 12203

Қазақстанда Ұлттық нейрохирургия орталығында Паркинсон ауруына шалдыққан 300-ден аса пациенке сәтті операция жасалды

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бастамасымен жыл сайын 11 сәуірде Паркинсон ауруымен дүниежүзілік күрес күні (World Parkinson's Day) аталып өтіледі.

Нұр-Сұлтан. 14 сәуір. Kazakhstan Today - Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бастамасымен жыл сайын 11 сәуірде Паркинсон ауруымен дүниежүзілік күрес күні (World Parkinson's Day) аталып өтіледі. Бұл күн аталған ауру туралы қоғамда ақпарат татауға, науқастарға және олардың отбасыларына қолдау көрсету, сонымен қатар, сырқаттан арылуға өз үлесін қосуға шақырады.

Осы атаулы күн аясында "Ұлттық нейрохирургия орталығы" АҚ 2019 жылғы 10-11 сәуір аралығында Паркинсонмен ауыратын және қимыл-қозғалысы бұзылған пациенттерге неврологтар тегін консультация өткізеді. Келушілерді қимыл-қозғалысы бұзылған науқастарды, Паркинсон ауруын және басқа да дегенеративті дертті диагностикалап, емдейтін мамандарқабылдайды.

2014 жылы Ұлттық нейрохирургия орталығында пациент Бақытгүл Таукенқызының миын терең стимуляциялау бойынша операция жасалды. Осымен бесінші жыл осы әйел көлемі ұялы телефон сияқты кішкентай құрылғымен өмір сүріп келеді, аталған құрылғы пациенттің өзін қалай сезінуіне байланысты бір бағдарламадан екінші бағдарламаға ауыстыруға мүмкіндік береді. Әйелдің айтуы бойынша құрылғы оның өмір сүру сапасын жақсартқан және оның қимыл-қозғалысының үйлесімін бақылап отыруға, өзгенің көмегінсіз өздігінен жүріп-тұруға мүмкіндік береді.

Бүгін осы әйел Ұлттық нейрохирургия орталығына бұдан әрі де толыққанды өмір сүру үшін аталған құрылғының батереясын ауыстыруға тағы келді.

Әлемдік статистикаға сүйенсек, бүгінгі күні Қазақстанда Паркинсон ауруынан зардап шегетіндер саны 20 мыңнан астам, қазіргі таңда бұл науқастардың өмір сүру сапасын айтарлықтай жоғарылатуға мүмкіндік береді. 2013 жылдан бастап "Ұлттық нейрохирургия орталығы" АҚ аталған патологияны емдеудің нейрохирургиялық әдістерін - миды терең нейростимуляциялау және паллидотомия мен таламотомия сияқты аблятивтік араласулар жүргізу әдісін енгізді және сәтті қолдануда. Бүгінгі күнге дейін Ұлттық нейрохирургия орталығында Паркинсон ауруы бойынша шамамен 300-ден аса хирургиялық операция сәтті жасалды.

Аталған жоғары технологиялық операциялар Қазақстанда тегін мемлекет қаражаты есебінен жүргізіледі.

Әлемдік статистикаға сүйенсек, Қазақстанда 20 мыңнан астам Паркинсон ауруына шалдыққан адамға өмір сүру сапасын арттыруға мүмкіндік туды. "Ұлттық нейрохирургия орталығы" 2013 жылдан бастап мидың терең орналасқан нейростимуляциясы және паллидотомия және таламотомия сияқты аблятивті нейрохирургиялық емдеу әдістерін сәтті қолданып жүр. Бүгінде "Ұлттық нейрохирургия орталығында" Паркинсон ауруына шалдыққан 300 астам науқасқа операция жасалды.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны