15.07.2022, 16:10 23546

Қазақстандықтарға көмірді уақытылы сатып алу ұсынылады

Алдағы қысқы маусымда көмір тапшылығын алдын алу мақсатында арнайы Жол картасы әзірленді.
Қазақстандықтарға көмірді уақытылы сатып алу ұсынылады
Сурет: Depositphotos
НҰР-СҰЛТАН. 15 ШІЛДЕ - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінде алдағы жылыту маусымына дайындық мәселесі пысықталды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Қазіргі таңда бюджеттік ұйымдар мен халық үшін көмір қажеттілігінің 2022-2023 жылдарға арналған жоспары қалыптастырылды. Оған сәйкес көмірді жалпы тұтыну көлемі шамамен 9,5 млн тоннаны құрайды. Оның ішінде коммуналдық-тұрмыстық секторға 2,8 млн тонна қарастырылса, 6,7 млн тонна көмір халыққа арналған.
 

Жылыту маусымына дайындық жұмыстарын министрлік 2022 жылдың наурыз айынан бастады. Ал жергілікті атқарушы органдарға биылғы 15 шілдеден бастап көмірді дайындау жұмыстары бастау ұсынылды. Сондай-ақ алдағы қысқы маусымда көмір тапшылығын алдын алу мақсатында арнайы Жол картасы әзірленді. Аталған карта Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен облыс әкімдіктеріне жолданды", – деп атап өтті ҚР ИИДМ Индустриялық даму комитетінің төрағасы Ілияс Оспанов.

 
Жиынды қорытындылаған Қайырбек Өскенбаев жауапты тұлғаларға жылыту маусымына дайындық жұмыстарын тұрақты бақылауда ұстауды тапсырды.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны