18.01.2007, 16:17 2769

Азаматтық авиация комитеті Еуропа одағының "қара тізіміне" ілінген авиакомпаниялардың жұмысын тоқтатты

АСТАНА. 18-қаңтар. Kazakhstan Today. Қазақстанның көлік және коммуникация министрлігінің азаматтық авиция комитеті Еуропалық одақтың "қара тізіміне" ілінген екі авиакомпанияның жұмысын тоқтатты. Бұл туралы комитеттің салалақ кеңесінде комитет басшысы Ерлан Қошанов мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Азаматтық авиация комитетінің екі әуе тасымалдаушының ("BGB Air" және "GST Aero". Kazakhstan Today) жұмысын тоқтататындығы жөнінде біз Еуропалық бақылаудың өкілетті органдарын хабардар еткенбіз",- деді Е. Қошанов.

"Біз Еуропалық одақтың "қара тізіміне" іліккен авиакомпаниялардың одан әрі жұмыс істеуі туралы мәселені қатаң түрде қараймыз, себебі мұндай деректер мемлекеттің беделіне өз әсерін тигізеді",- деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны