06.05.2008, 18:09 2787

Азиада болашақ нысандары территориясында орналасқан саяжай иелері жайлы жатақханаға көшеді

Азиада болашақ нысандары территориясында орналасқан саяжай иелері жайлы жатақханаға көшеді

Астана. 6 мамыр. "Қазақстан Бүгін"- "Квартирное бюро" АҚ мен Азиялық ойындарының болашақ Олимпиада нысандарының территориясында орналасқан бес саяжай үйдің иелері берілетін өтемақы бойынша келісімге келді, деп хабарлайды агенттік тілшісі қалалық тұрғын үй департаментіні сілтеме жасай отырып.

Департаменттің ақпараты бойынша, бұзылатын саяжайлардағы үйлердің иелеріне жаңадан салынған жайлы жатақханалардан бөлмелер беріледі.

"Астаналық төлемдер бойынша жалдық төлемақы мөлшері төмен. Ирбір шаршы метрге 105 теңге алынады, яғни 20 шаршы метр бөлмеде тұратындар ай сайын 2100 теңге төлейтін болады. Жалға беру мерзімі үш жыл", -деп хабарлады департаменттегілер.

Ведомствоның мәліметтері бойынша, саяжай иелері өтемақы түрінде 1-3 млн теңге алады.

Саяжай учаскесі иелерінің бірі агенттік тілшісіне берген сұхбатында, "жасалып отырған жақсы жағдайдан бұрын отаншылдық сезіммен жер телімін тастап барамын", деді. Сондай-ақ, " Қазақстан Азиаданы лайықты өткізуі тиіс. Құрылысшылар нысандарды уақытында тапсыруын пайдаланып өз еліңді бопсалау адамгершілікке жатпайды", - деп мәлімдеді саяжай жер телімінің иесі.

Бұдан бұрын хабарланғанындай, 2007 жылдың қарашасында өткен Азиялық Олимпиада комитеті сессиясының отырысында Қазақстанның Астана және Алматы екі қаласында VII қысқы Азиялық ойындарын өткізу жөнінде шешім қабылданды. VII қысқы Азиялық ойындарының ашылуы мен жабылуы және мұздағы спорт түрлері Астанада өткізіледі, ал шаңғы жарыстары Алматыда өтеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны