08.12.2016, 16:37 3885

"Изірет Сұлтан" мешітіндегі діни сауат ашу курсыныӊ шәкірттері арасында білім байқауы өтуде

Байқаудыӊ алғашқы кезеӊіне мешіт имамдары мен ұстаздарынан дәріс алатын 112 шәкірт қатысып, намазға қатысты хадистер мен тест сұрақтары бойынша білім жарыстырды.

Астана. 8 желтоқсан. Kazakhstan Today - Еліміздіӊ тұғырлы мерекесі - Тәуелсіздік күніне орай Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы "Изірет Сұлтан" мешітіндегі діни сауат ашу курсыныӊ шәкірттері арасында білім байқауы ұйымдастырылып отыр,- деп хабарлайды "Изірет Сұлтан" мешітініӊ ақпарат орталығы.

Былтырғы жылы онда "Сеніміӊе берік бол!" тақырыбында екі кезеӊнен тұратын білім байқауы өткен болатын.

Ал биылғы жылы "Пайғамбар (с.ғ.с.) үйреткен намаз" тақырыбында ұйымдастырылып отырған діни білім байқауы шәкірттердіӊ намаз құлшылығы жөніндегі білімдерін шыӊдауға арналған. Сондай-ақ, діни экстремизм мен терроризмніӊ алдын алу мақсатында ұйымдастырылған бұл байқау жастарымыздыӊ діни білімін дамытып, төл мәзһабымыздыӊ құндылықтарын дәріптеуге бағытталған , делінген хабарламада.

Байқаудыӊ алғашқы кезеӊіне мешіт имамдары мен ұстаздарынан дәріс алатын 112 шәкірт қатысып, намазға қатысты хадистер мен тест сұрақтары бойынша білім жарыстырды.

Алғашқы айналым бойынша жоғары ұпай жинаған 6 үміткер 9-желтоқсан күні жұма намазынан кейін жамағат алдында ақтық айналымға қатысады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны