06.07.2020, 23:19 6743

Бақытжан Сағынтаев Алматыдағы эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы айтты.

Бақытжан Сағынтаев Мемлекет басшысының стационарлы көмек алуға қолжетімділікті арттыру тапсырмасы орындалады және осы аптаның соңына дейін қосымша 500 орын ашылады, деді.

Алматы. 6 шілде. Kazakhstan Today - Баспасөз конференциясының барысында Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы айтты.

Бақытжан Сағынтаев қалада коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау бойынша барлық бағытта белсенді жұмыстар жүргізіліп жатқанын хабарлады. Осылайша, амбулаторлық деңгейде "виртуалды инфекциялық аурухана" ашылды. Сонымен бірге, COVID-19 жұқтырған мұқтаж науқастарды, бақылап, емін түзету бойынша, сонымен бірге, тәулік бойғы режимде тәуекел тобындағы науқастардың асқынуларының дамуын амбулаторлық деңгейде бақылау үшін Мониторинг орталығы жұмысын бастады. Аталған шаралар жағдайлары ауыр науқастарды, әсіресе қарт адамдарды бақылауда ұстауға мүмкіндік береді.

"Эпидемиямен күресте түбегейлі мәселе - барлық ауырған адамдардың ем алуы үшін қосымша жататын орын қорын құру", - деп қосты Бақытжан Сағынтаев.

Бүгінде қалада коронавируспен күреске қуаттылығы 3340 жататын орынға шақталған 19 стационар жұмылдырылған - өсім 7 есе көбейген. Психикалық денсаулық орталығының негізінде қосымша 150 орын, Урология ғылыми орталығының негізінде 150 орын ашып, Halyk Arena базасының негізінде 200 орынды кезеңімен 1000-ға дейін ұлғайту көзделіп отыр. Осылайша, осы аптаның соңына дейін қосымша 500 орын әзірленеді. Сонымен бірге, Halyk Arena базасының негізінде жан сақтау бөлімі, тиісті құралдары бар толыққанды стационар ашылады, науқастарға кислород орындары қолжетімді болады.

Алғашқы медициналық санитарлық көмек нысандарының деңгейінде мобильді бригадалар күшейтілуде, олардың құрамына құрамына бөлім меңгерушілері, инфекционист дәрігелер, эпидемиологтар, учаскелік дәрігерлер және мейірбикелер енген. Қазіргі уақытта 72 бригада мобилизацияланды және АМСК 297 қызметкері жұмылдырылды.

Бүгінгі таңда қалада 3000-103, 3000-505, 103 бірыңғай call-орталығы жұмыс істейді. Тұрғындардан шағымдар мен өтініштер түскен кезде олар тіркеліп, кері байланыс жасау үшін емхана басшылығымен қаралады. Бұған қосымша, қалада қиын жағдайда қалған адамдарға көмектесу үшін Психикалық саулық пен психологиялық көмек көрсететін қолдау орталығы жұмыс істеп жатыр.

Бақытжан Сағынтаев диагностиканы дер кезінде жүргізу үшін Алматыда қажетті құралдардың жеткілікті екенін атап өтті. Соған қарамастан, осыған байланысты зертханалардың өткізу мүмкіндігін ұлғайту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Коронавирус инфекциясын диагностикалау үшін қалада КТ 28 аппараты және 70 цифрлы рентген аппараты жұмылдырылған.

Бақытжан Сағынтаев Мемлекет басшысының стационарлы көмек алуға қолжетімділікті арттыру тапсырмасы орындалады және осы аптаның соңына дейін қосымша 500 орын ашылады, деді.

Бақытжан Сағынтаев қалада коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау бойынша барлық бағытта белсенді жұмыстар жүргізіліп жатқанын хабарлады. Осылайша, амбулаторлық деңгейде "виртуалды инфекциялық аурухана" ашылды. Сонымен бірге, COVID-19 жұқтырған мұқтаж науқастарды, бақылап, емін түзету бойынша, сонымен бірге, тәулік бойғы режимде тәуекел тобындағы науқастардың асқынуларының дамуын амбулаторлық деңгейде бақылау үшін Мониторинг орталығы жұмысын бастады. Аталған шаралар жағдайлары ауыр науқастарды, әсіресе қарт адамдарды бақылауда ұстауға мүмкіндік береді.

"Эпидемиямен күресте түбегейлі мәселе - барлық ауырған адамдардың ем алуы үшін қосымша жататын орын қорын құру", - деп қосты Бақытжан Сағынтаев.

Бүгінде қалада коронавируспен күреске қуаттылығы 4232 жататын орынға шақталған 19 стационар жұмылдырылған - өсім 9 есе көбейген. Психикалық денсаулық орталығының негізінде қосымша 150 орын, Урология ғылыми орталығының негізінде 150 орын ашып, Halyk Arena базасының негізінде 200 орынды кезеңімен 1000-ға дейін ұлғайту көзделіп отыр. Осылайша, осы аптаның соңына дейін қосымша 500 орын әзірленеді. Сонымен бірге, Halyk Arena базасының негізінде жан сақтау бөлімі, тиісті құралдары бар толыққанды стационар ашылады, науқастарға кислород орындары қолжетімді болады.

Алғашқы медициналық санитарлық көмек нысандарының деңгейінде мобильді бригадалар күшейтілуде, олардың құрамына құрамына бөлім меңгерушілері, инфекционист дәрігелер, эпидемиологтар, учаскелік дәрігерлер және мейірбикелер енген. Қазіргі уақытта 72 бригада мобилизацияланды және АМСК 297 қызметкері жұмылдырылды.

Бүгінгі таңда қалада 3000-103, 3000-505, 103 бірыңғай call-орталығы жұмыс істейді. Тұрғындардан шағымдар мен өтініштер түскен кезде олар тіркеліп, кері байланыс жасау үшін емхана басшылығымен қаралады. Бұған қосымша, қалада қиын жағдайда қалған адамдарға көмектесу үшін Психикалық саулық пен психологиялық көмек көрсететін қолдау орталығы жұмыс істеп жатыр.

Бақытжан Сағынтаев диагностиканы дер кезінде жүргізу үшін Алматыда қажетті құралдардың жеткілікті екенін атап өтті. Соған қарамастан, осыған байланысты зертханалардың өткізу мүмкіндігін ұлғайту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Коронавирус инфекциясын диагностикалау үшін қалада КТ 28 аппараты және 70 цифрлы рентген аппараты жұмылдырылған.

Бақытжан Сағынтаев Үкімет белгілеген барлық шаралардың орындалып жатқанын айтты.

Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев қаладағы жағдайды тұрақтандыру үшін кешенді жұмыстар жүргізіліп жатқанын хабарлады. Осылайша, ауырған адамдардың ем алулары үшін қосымша жататын орындар қорын құру, зертханалардың өткізу мүмкіндігін ұлғайту, стационарлы ауруханаларды қажетті құралдармен қамтамасыз ету және дәріханаларда дәрі-дәрімектің бар-жоғы мен бағаларына мониторинг жүргізілуде.

Бүгінгі жағдайды және жұқтыру болжамдарын ескере отырып, дәрігерлердің, орта және кіші буын медициналық қызметкерлерінің қосымша бригадалары құрылды. Біліктілікті арттырудың онлайн-курстары өткізіледі. Қалада волонтерлерді қосымша қабылдау және қажет болған жағдайда бейінді емес медиктерді тез қайта оқыту жүзеге асырылады.

"Бүгінгі таңда Алматы қаласы бойынша эпидемиологиялық жағдай күрделі, бірақ бақылауда. Бізде Алматы қаласы аумағында коронавирустың таралуының алдын алу және оған қарсы әрекет ету бойынша жасалған іс-шаралар жоспары бар, оны біз бақылап отырмыз", - деді Бақытжан Сағынтаев.

Айта кетейік, ағымдағы жылдың 6 шілдесі сағат 10: 00-дегі жағдай бойынша коронавирустық инфекцияны жұқтырудың 6202 жағдайы тіркелген. Қазіргі уақытта күнделікті өсім шамамен 1,1% құрайды. Қазір инфекциялық стационарларда 1772 адам бар, оның ішінде 24 адам өте ауыр халде, 349 адам ауыр халде, 1264 адамның жағдайы орташа ауыр және 135 адамның жай-күйі қанағаттанарлық. Ауырлығы орташа және ауыр дәрежедегі науқастардың саны өсуде. Сонымен қатар пневмония аурушаңдығының күрт өсуі байқалады. Өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда тыныс алу органдары ауруларынан қаза болғандар үлесінің 68,6% - ға өсуі байқалады.

Бақытжан Сағынтаев Алматыда өкпені жасанды желдететін қанша аппарат бар екенін хабарлады. Өкпені жасанды тыныс алдыратын аппараттардың қажетті қоры жасалды,деді ол. Алматыда өкпені жасанды тыныс алдыратын тағы 70 аппараттың жеткізілуі күтілуде.

Баспасөз конференциясының барысында Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев Алматыда стационарлы ауруханаларда құралдардың қажетті резерві бар екенін хабарлады.

Бүгінгі таңда Алматыдағы барлық медициналық ұйымдарда шамамен 600 өкпені жасанды желдететін аппарат бар.

"ӨЖЖ аппараттарына қол жетімділік мәселесі бойынша бүгінгі таңда 25 аппарат жұмыс істеуде, қосымша 30 аппарат бар. Жақын арада тағы 70 ӨЖЖ аппараты жеткізіледі деп күтілуде. Осылайша қажетті резерв қалыптастырылды, - деп атап өтті Бақытжан Сағынтаев. - ӨЖЖ тапшылығы немесе жетіспеушілігі жоқ".

Бақытжан Сағынтаев қала дәріханаларында дәрі-дәрімекке қолжетімділікті арттару шаралары туралы да айтты.

Бақытжан Сағынтаевтың сөзінше, күн сайын қала дәріханаларындағы дәрі-дәрмектердің бар-жоғы және бағасы бақынып отыр.

Онлайн-брифинг барысында ол қаладағы дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жағдайын түсіндірді, сондай-ақ қалалық дәріханаларды қажетті препараттардың бар-жоғына мониторингілеу туралы хабарлады.

Бақытжан Сағынтаев қазіргі уақытта сұранысқа ие дәрі-дәрмектердің қолжетімді бағада болуы қаладағы коронавирустың жағдайын тұрақтандыру үшін маңызды пункт болып табылатынын атап өтті.

Парацетамол, ибупрофен және құрамында парацетамол бар препараттарға сұраныстың жоғарылауына байланысты мегаполис дәріханаларында осы препараттар бойынша тапшылық пайда болды. Дәрі-дәрмектерді ірі жеткізушілермен келіссөз жүргізгеннен кейін парацетамол мен ибупрофен жеткізу мәселесі шешілді.

"Біз дәрілік заттарды өндірушілермен, ірі жеткізушілермен және дистрибьюторлармен Алматы қаласының дәріханаларына дәрі-дәрмектерді үздіксіз жеткізу туралы келісімге қол жеткіздік. Ол үшін фармацевтикалық компаниялармен келісімге қол қойылып, 105 дәріхананың тізімі анықталды (6 шілде күні 2 дәріхана қосылды), оларға басым тәртіппен дәрі - дәрмектер жеткізілетін болады", - деді Бақытжан Сағынтаев. Сонымен қатар, келісімде дәріханалардың бағаны көтермеуі және бір атаудағы дәрі-дәрмекті бір қолға 3 бірліктен артық бермеу міндеті қарастырылған.

5 шілдедегі жағдай бойынша қаланың дәріханаларына 115 мың парацетамол, 30 мың термометр, 20 мың ибупрофен, 35 мың ингавирин және басқа дәрі-дәрмектер жөнелтілді. 6 шілде күні таңертеңнен бастап қосымша 150 мың парацетамол мен 50 мың термометрді тиеу жұмыстары жүргізілуде. 8 және 12 шілдеде тиісінше 80 мың және 850 мың парацетамолдың қосымша жеткізілімі күтілуде.

Бағаны бақылау мақсатында мониторинг тобы құрылып, қаланың белгілі 105 дәріханасында күн сайын дәрі-дәрмек бағасына мониторинг жүргізеді. Қалада дәрілердің бар-жоғына мониторинг жүргізу мақсатында, 29 маусымда Алматы қ.ТҚҚСБД ірі жеткізушілерді, өндірушілер мен дәріханалар желілерін қоймалардағы және жеткізілетіні күтілетін дәрі-дәрмектердің бар-жоғы жөнінде дұрыс ақпарат беруді міндеттейтін қаулы қабылдады.

Бұған дейін айтылғандай, бүгінгі таңда клиникаларда дәрі-дәрмектердің қажетті қоры бар, бірақ пациенттер санының өсуіне, төсек қуаттарының кеңеюіне байланысты бірқатар препараттар бойынша осы қорларды ұлғайту қажеттілігі бар. Бұл мәселені қала әкімшілігі ҚР Денсаулық сақтау министрлігімен және "СК Фармация" ЖШС-мен пысықтайды. Ағымдағы жылдың шілде айына арналған дәрі-дәрмектерді жеткізу кестесі пысықталды.

Қалада коронавируспен күрес бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде. Бақытжан Сағынтаев маңызды бағыттардың бірі коронавирусты дер кезінде диагностикалау екенін атап өтті.

Осыған байланысты зертханалардың өткізу қабілетін арттыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Жалпы алғанда, Алматыда коронавирустық инфекцияға тестілеуді енгізудің барлық кезеңінде 245 мыңнан астам зерттеулер жүргізілді. Мегаполисте 8 зертхана жұмыс істейді, нәтижесінде күніне шамамен 4000 зерттеу жүргізіледі. Бүгінгі таңда зертханалардың мәліметтері бойынша 56 мың зерттеуге арналған сынақ жиынтықтары бар.

Бақытжан Сағынтаев зертхана қызметінде аздаған кедергілер анықталғанын айтып өтті, оған бұл қызметтерге жүгінушілер тарапынан сұраныстың жоғары болуы, науқастардың көптеп келуі, сонымен бірге, зертханаларда реагенттердің қажетті қорының болмауы себеп болған.

"COVID-19 зертханалық диагностикалау ауқымын ұлғайту мақсатында азаматтарды уақтылы диагностикамен қамтамасыз ету үшін қосымша екі зертхана ашылды", - деп хабарлады Бақытжан Сағынтаев.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны