29.05.2017, 16:24 4191

Байқоӊырдан испан спутнигі ұшырылады

Ресей үкіметі Байқоӊырдан испан спутнигін ұшыруға рұқсат берді.

Қызылорда. 29 мамыр. Kazakhstan Today - Ресей үкіметі Байқоӊырдан испан спутнигін ұшыруға рұқсат берді.

Ресей Премьер-министрі Дмитрий Медведев Байқоӊыр ғарыш айлағында телекоммуникациялық мақсаттағы Amazonas-5 испандық зымыранындағы "Бриз-М" үдеткіш блогы бар "Протон-М" зымыран тасығышын ұшыру туралы бұйрыққа қол қойды. Бұл туралы ақпарат Ресей министрлер кабинетініӊ сайтында жарияланды.

Онда америкалық Space Systems Loral фирмасында жасап шығарылған телекоммуникациялық мақсаттағы испандық спутниктіӊ ұшырылу уақыты жазылмаған.

ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігініӊ ақпаратына сәйкес Байқоӊырдан 2017 жылдыӊ 9 маусымында "Протон-М" зымыранын ұшыру жоспарланып отыр.

Сондай-ақ осы күні америкалық EchoStar-21 спутнигі ұшырылады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны