23.05.2018, 16:04 5400

Бала туу жасындағы ҚР азаматтарыныӊ 15%-ға жуығы бедеуліктен зардап шегуде

Қазақстанда 25 жасқа дейінгі бала туатын жастағы қыздар арасында ерте жүктілік және аборт тақырыбы өзекті болып қалуда. Өкінішке орай, әйелдер қауымы арасында көпшілігі абортты қажетсіз жүктіліктіӊ алдын алудыӊ бірден-бір тәсілі деп санайды. Аборттан кейінгі еӊ қорқынышты диагноз - бедеулік.

Алматы. 23 мамыр. Kazakhstan Today - Бүгін "Аман-саулық" Қоғамдық қоры және Алматы Менеджмент Университеті (ALMAU) Алматы қаласыныӊ студенттері арасындағы репродуктивті денсаулық мәселелері бойынша зерттеулерге арналған баспасөз-конференциясын өткізді.

Баспасөзз-конференциясыныӊ шеӊберінде "Аман-саулық" ҚҚ Президенті Бахыт Ниязбекқызы Түменова және Еуразиялық паллиативтік көмек қауымдастығыныӊ Вице-президенті; ҚР Денсаулық сақтау министрлігініӊ Қоғамдық кеӊесініӊ төрағасы, ҚР Парламенті Мәжілісініӊ экс-депутаты Надежда Михайловна Петухова репродуктивті денсаулық және оныӊ өмір сүру сапасына ықпалы туралы тиімді насихат жұмыстарын жүргізу қажеттілігін атап өтті, әсіресе жастар арасында.

Бахыт Ниязбекқызы Түменова: "Қазақстанда 25 жасқа дейінгі бала туатын жастағы қыздар арасында ерте жүктілік және аборт тақырыбы өзекті болып қалуда. Өкінішке орай, әйелдер қауымы арасында көпшілігі абортты қажетсіз жүктіліктіӊ алдын алудыӊ бірден-бір тәсілі деп санайды. Аборттан кейінгі еӊ қорқынышты диагноз - бедеулік. Бүгінгі таӊда елімізде әрбір бесінші отбасы осындай жағдайды басынан өткереді, сондықтан репродуктивті денсаулық тәуекелі факторларыныӊ алдын алу және оларды басқарудыӊ жүйелі тәсілін қолдану өте маӊызды. Осындай тәсілдердіӊ бірі алдын ала және терапевтикалық араласудыӊ жеке түрі ретінде қабылданып жүрген денсаулыққа келетін зиянды азайту тұжырымдамасы болып табылады", - деді.

"Бала туу жасындағы ҚР азаматтарыныӊ 15%-ға жуығы бедеуліктен зардап шегуде. Бедеулікке ұшыраған азаматтарға медициналық көмек көрсету үшін, мемлекетіміз жыл сайын жасанды ұрықтандыру рәсімдеріне (ЭКО) 900 квота бөледі. ЭКО-ныӊ бір талпынысыныӊ құны шамамен 700 000 теӊгені құрайды және 900 квота тұрғындардыӊ нақты қажеттілігін қанағаттандырмайды. Сондықтан бедеуліктіӊ салдарларымен күресуден көрі, алдын алу жұмыстарын жүргізу және тұрғындарды ақпараттандыру барынша тиімдірек болады", - деді Бахыт Түменова.

Сарапшылар Алматы қаласыныӊ жоғарғы оқу орындары студенттерініӊ арасында жүргізілген зерттеулердіӊ нәтижелерін ұсынды және жастардыӊ репродуктивті денсаулығы қалыптасуын айқындайтын тәуекел факторлары туралы сөз қозғады.

Зерттеуді жүргізу үшін AlmaU Университетініӊ 1-курсыныӊ 30 студенті жұмылдырылды, олар 2018 жылғы 9 сәуірден бастап 10 мамырға дейін 18 бен 25 жас аралығындағы Алматыныӊ студент жастары арасында сауалнама жүргізді. Сауалнамаға 485 қыздар және 475 ұлдар тартылды, барлығы 960.

Өз денсаулықтарын бағалау сұрағына респондент-ұлдардыӊ 53% денсаулықтары жақсы екендігін көрсетті, сондай-ақ респондент-қыздардыӊ тек 35% ғана өз денсаулықтарын осылай бағалады. Респондент қыздардыӊ 43% және респондент-ұлдардыӊ 29% шамалы проблемалардыӊ барын, респондент-қыздардыӊ 11% және респондент-ұлдардыӊ 5% созылмалы аурулармен ауыратындықтарын мойындады.

Респондент-қыздардыӊ көпшілігі, 57%, 20-25 жас аралығында отбасыларын құруды жоспарлайды, респондент-ұлдардыӊ 30% осы 20-25 жас аралығында, 34% 25 жастан кейін отбасыларын құруды жоспарлайды. Респонденттердіӊ тек шағын саны (қыздар 5% және ұлдар 4%) 18-20 жас аралығында отбасыларын құруды жоспарлайды немесе отбасыларын құрған.

Респондент-қыздардыӊ 51% 20-25 жас аралығында бала тууды жоспарлайды, респондент-ұлдардыӊ тек 27% ғана осы кезеӊде бала туылуын, ал 37% 25 жастан жоғары кезеӊде бала туылуын жоспарлайды.

Респондент-қыздар мен респондент ұлдар репродуктивті денсаулық туралы ақпараттыӊ негізгі көзі Интернет және медициналық мекемелер деп көрсетті. Респондент-қыздардыӊ 12% және респондент-ұлдардыӊ 17% репродуктивті денсаулық туралы ешқандай ақпарат алмайтындарын мойындады.

Респондент-қыздарда да және респондент-ұлдар да репродуктивті денсаулыққа кері ықпал ететін факторлардыӊ қатарына зиянды әдеттерді (31% қыздар және 30% ұлдар), жыныс жолдарымен берілетін ауруларды (20% қыздар және 18% ұлдар), тәуекелді жыныстық мінез-құлықты және контрацепциялардыӊ болмауын (9% қыздар және 21 % ұлдар) жатқызды. Қыздардыӊ 44% және ұлдардыӊ 27% барлық факторларды кері ықпал етеді деп санайды.

Жыныстық қатынасқа түсіп жүрген респонденттердіӊ басым көпшілігі контрацептивтерді пайдаланады (97% қыздар және 99% ұлдар). Респонденттер котрацептивтердіӊ әртүрлі әдістерін пайдаланады: респондент-ұлдардыӊ 91% презервативтер пайдаланады, респондент-қыздардыӊ 43% бала бітірмейтін табілеткілерді және 47% әріптестері үшін презервативтерді пайдаланады.

Респондент-қыздардыӊ 27% және респондент-ұлдардыӊ 10% репродуктивті денсаулықтарыныӊ мәселесі бойынша медициналық көмекке жүгінген.

Надежда Михайловна Петухова: "Жастардыӊ репродуктивті денсаулығын сақтау кез келген мемлекеттіӊ өзекті проблемаларыныӊ бірі болып табылады, себебі бүгінгі жастардыӊ денсаулықтары жағдайы алдағы 10-15 жылдыӊ демографиялық процесстеріне тікелей ықпал ететін болады. "Аман-саулық" Қоғамдық қоры және Алматы Менеджмент Университеті жүргізген зерттеулер көрсеткендей, Алматы жоғарғы оқу орындарында оқитын жастар репродуктивті денсаулық және оныӊ өмір сүру сапасына ықпалы туралы мәселелерде жеткіліксіз ақпараттандырылған. Студент жастар репродуктивті денсаулық үшін созылмалы ауруларыныӊ бар болуы, ерте жүктілік және жүктілікті үзу, дұрыс тамақтанбау және аз қозғалмалы өмір сүру салты секілді тәуекелдердіӊ салдарларын жеткіліксіз бағалайды. БАҚ пен ҮЕҰ қолдау көрсетулері жағдайында жастарды репродуктивті денсаулық тәуекелдеріне қатысты мәселелер бойынша шынайы және сапалы ақпараттандыру қажет, бұл олардыӊ өзара сыйластық пен гендерлік теӊдікке негізделген қарым-қатынастар құруына қатысты жауапты шешімдер қабылдау үшін қажетті білім мен дағдылар береді", - деді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны