25.01.2007, 18:23 3173

Балаларға ВИЧ індетін жаппай жұқтыру дерегіне қатысты қылмыстық іс бойынша сотқа қатысушылар мәжілісті басқа орында өткізуді сұрамақшы

ШЫМКЕНТ. 25-қаңтар. Kazakhstan Today. Оңтүстік Қазақстан облысында балаларға ВИЧ індетін жаппай жұқтыру дерегіне қатысты қылмыстық іс бойынша сотқа қатысушылар мәжілісті басқа орында өткізуді сұрамақшы. Бұл туралы бүгін айыпкерлердің адвокаты Мусатай Бектасов журналистерді құлағдар етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

М.Бектасовтың айтуынша, сот отырысы бұған дейін облыстық соттың мәжіліс залында өтіп келген. Онда соттың жалпы және басқа да түрлі отырыстары жиі өткізіледі. "Сол себепті бүгін сот төрағасы бұдан былай талқылаулар үшін басқа орын таңдау мәселесін көтерді",- деді М.Бектасов.

"Бүгін ішкі істер департаментінен бізге тыңдауларды өткізу үшін басқа орын сұрау жөнінде пікір айтылды",- деді адвокат. "Қорғаудағы адамдарымызбен қоса біз 50 адамбыз. Ал зардап шеккендер 70 адам",- деді ол.

М.Бектасовтың айтуынша, бүгінгі сот мәжілісінде айыптау қорытындысы жарияланған. "Айыптау қорытындысын прокурорлар Нұрлан Сапаров пен Нұрлан Құлбаев кезектесіп оқыды",- деді адвокат.

Келесі сот мәжілісі дүйсенбіге белгіленген.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 19-қаңтарда Шымкентте балаларға жаппай ВИЧ індетін жұқтыру дерегіне қатысты қылмыстық іс бойынша сот мәжілісі басталды. Сотқа 21 адам, соның ішінде 18 медицина қызметкері айыпкер ретінде тартылған. Айыпкерлерге әрбір айыпкердің қылмыстық құрамына байланысты пара алу, алаяқтық, қымқыру, немқұрайдылық жөніндегі 4 бап бойынша айып тағылған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны