08.09.2015, 13:00 4190

Балаларын балконнан лақтырып жіберген әйел мен оныӊ баласы жасанды демалу аппаратынан шығарылды - Алматы

Балаларын балконнан лақтырып жіберген әйел мен оныӊ 1,5 жастағы бүлдіршіні жасанды демалу аппаратынан шығарылды. Олар өздері демалып жатыр. Басқарма басшысы Жанат Қасымжанованыӊ айтуынша, жедел ж?рдем 7 минут ішінде жеткен.

Алматы. 8 Қыркүйек. Kazakhstan Today - Балаларын балконнан лақтырып жіберген әйелдіӊ де оныӊ баласыныӊ да жағдайы с?л жақсарды. Бүгін қалалық Денсаулық сақтау басқармасы осы м?селеге қатысты баспасөз мәслихатын өткізді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Балаларын балконнан лақтырып жіберген әйел мен оныӊ 1,5 жастағы бүлдіршіні жасанды демалу аппаратынан шығарылды. Олар өздері демалып жатыр. Басқарма басшысы Жанат Қасымжанованыӊ айтуынша, жедел ж?рдем 7 минут ішінде жеткен.

"Олардыӊ миы шайқалып, басынан жарақаттанған. Сүйектерініӊ сынықтары көп. Ішкі органдары қатты соққы алған. Үшінші деӊгейдегі травматологиялық шок бар. ?лі жансақтау бөлімінде жатыр. Ийел қазір еміс-еміс есін жиды",- деді ол.

Басқарма басшысыныӊ айтуынша, осыдан бір сағат бұрын консилиум өтті. Ийел травматикалық шоктан шыққан соӊ д?рігерлер ота жасау м?селесін қарастырады. Ол консилиум шешемінен кейін 8-10 күн арасында болмақ. Емдеуге қаладағы еӊ үздік д?рігерлер ат салысып жатыр.

Ийелмен психологтар жұмыс жасайтын болады. Құқық қорғау органдары оныӊ жағдай жақсарып, гемодинамикасы орнына келген соӊ ғана жұмысқа кіріседі. Жапа шегушініӊ анасы мен баласына туысқандары келіп жатыр. 33 жастағы әйел мен 1,5 жасар бүлдіршін жансақтау бөлімінде жатыр.

Қалалық ІІД баспасөз хашысы Салтанат Изірбек хабарлағандай, қазір аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Болған оқиғаныӊ мән-жайы анықталу үстінде.

Айта кету керек, оқиға өткен сенбі күні таӊертеӊгі 9-да Сәтбаев-Бауман көшесініӊ қиылысында орналасқан үйде болған.

33 жастағы келіншек 5 қабатты үйдіӊ балконынан екі қыз баланы лақтырып, артынан өзі секіріп кеткен. Оқиға куәгерлерініӊ айтуынша, ол балалардыӊ анасы екен.

Салдарынан 8 жасар қыз бала оқиға орнында көз жұмса, 1,5 жасар бүлдіршін мен әйел ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді.

Қалалық ІІД өкілі хабарлағандай, келіншектіӊ күйеуі бар, толыққанды отбасы екен. Оныӊ неліктен мұндай қадамға барғаны жұмбақ болып отыр.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны