20.02.2015, 11:25 4328

Балықтыӊ құжаты дұрыс болмай шықты

Қазақ-өзбек шекарасында тұрған қазақстандық шекарашылар жалған құжатпен үлкен көлемдегі жүкті шекарадан алып өтпек болған азаматты ұстады

Астана. 20 ақпан. Kazakhstan Today - Қазақ-өзбек шекарасында тұрған қазақстандық шекарашылар жалған құжатпен үлкен көлемдегі жүкті шекарадан алып өтпек болған азаматты ұстады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Нақтырақ айтқанда, еліміздіӊ оӊтүстігіндегі Сарыағаш шекара отрядына қарасты "Б. Конысбаев авто" бақылау-өткізу бекетініӊ бақылаушылары Қазақстаннан көршілес Өзбекстанға мұздатылған балықтарды алып бара жатқан 43 жастағы отандасымызды тоқтаты. Оныӊ "МАН" көлігіне тиелген жүгініӊ көлемі шекарашылардыӊ күдігін туғызды. Қолындағы құжат бойынша жүктіӊ көлемі азайтылып көрсетілгені сырт көзге байқалып тұрды. Жүкті таразыға салып өлшегенде оныӊ салмағы 28 тоннадан асып кетті.

Аталған дерек бойынша құқыққорғау органдары хабарландырылды. Құжаты дұрыс болмай шыққан балықтары үшін жерлесіміз әкімшілік жазаға тартылатын болады.

ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны