15.05.2007, 17:26 2954

Балқаш ЖЭО салудың техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу жөніндегі келісімге маусым айының соңында қол қойылуы мүмкін - "Самұрық" басшысы

АСТАНА. 15 - мамыр. Kazakhstan Today. Балқаш Жылу электр орталығын салудың техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу жөніндегі келісімге үстіміздегі жылдың маусым айының соңында қол қойылуы мүмкін. Бұл туралы бүгін үкімет отырысында "Самұрық" Холдинг" АҚ басқарма төрағасы Сауат Мыңбаев мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Сегізінші мамырда біз Балқаш Жылу электр орталығын салудың техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуге байқау жарияладық, маусымда біз тиісті келісімге қол қоямыз",- деді С. Мыңбаев.

Ол еліміздің оңтүстігін қуатпен қамтамасыз етуге жүргізілген талдау қорытындысы "Үлкен ауылының маңында көмір станциясын салудың артықшылығын " дәлелдегенін еске сала кетті.

С. Мыңбаевтың айтуынша, станцияның бастапқы құны шамамен 200 млрд теңгені құрайды. "Бұл үлкен қаржы... және оны түгелдей тек мемлекеттік холдингке жүктеудің мәні бола қоймас",- деді ол.

С. Мыңбаевтың хабарлауынша, бірқатар инвесторлар аталмыш жобаға өз қызығушылықтарын танытып отыр. "Атап айтқанда, Халық банкі, Қазкоммерцбанк, "Тұран Илем" банкі". Біз олармен қарым-қатынасты жолға қоямыз. Немесе, тендер барысында бұл консорциум ретінде рәсімделуі мүмкін",- деп санайды "Самұрық" басшысы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны