14.12.2009, 09:41 1657

Бангкокта қару-жарақ тиелген Ил-76 ұшағы ұсталды, оның тізгінінде Қазақстан мен Беларусь азаматтары болған

Бангкокта қару-жарақ тиелген Ил-76 ұшағы ұсталды, оның тізгінінде Қазақстан мен Беларусь азаматтары болған

Алматы. 14 желтоқсан. Kazakhstan Today - Таиланд астанасы Бангкок қаласында қару-жарақ тиелген Ил-76 ұшағы ұсталды, оның тізгінінде Қазақстан мен Беларусь азаматтары болған, деп хабарлайды Kazakhstan Today ИТАР-ТАСС-қа сілтеме жасап.

Агенттіктің хабарлауынша, Таиланд өкіметі 12 желтоқсанда 35 тонна қару-жарақ әкеле жатқан Ил-76 ұшағын ұстады. Ал экипаждың бес мүшесі Қазақстан мен Беларусь азаматтары болған.

Полициядағы ақпарат көзінің хабарлауынша, "ұшақ бортына қару-жарақ Пхеньянда тиелген деп айтуға негіз бар, өйткені, ұшақ жұма күні Корея Халық Демократиялық Республикасына бет алған жолда Суварнабхуми әуежайында жанармаймен толтырылған". Агенттіктің ақпарат көзінің хабарлауынша, ұшақ Грузияға тиесілі. Ұшақты АҚШ пен Таиланд арнаулы қызметтері қолға түсірген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны