28.06.2012, 10:19 2768

Бангладеште жауын салдарынан су тасқыны жүріп, 100-ден астам адамның өмірін қиды

Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, жағдай елдің оңтүстік шығысындағы Читтатонг қаласында өте ауыр.

Астана. 28-маусым. Kazakhstan Today - Бангладеште жауын салдарынан су тасқыны жүріп, 100-ден астам адамның өмірін қиды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, жағдай елдің оңтүстік шығысындағы Читтатонг қаласында өте ауыр.

Ондаған тұрғындардың таулы аймақтарда лай көшкіні астында қалып қоюы қаупі бар. Апат ауданында құтқару операциясы жүріп жатыр. Читтатонг, елдің басқа аймақтарынан мүлдем оқшауда қалып қойған. Аймақта әуежай жабылып, пойыздар мен көлік қатынасына да уақытша тоқтатылды. Басшылық зардап шеккендердің барлығын ауыз-су, азық-түлікпен қамтамасыз етуге барын салып жатыр. Шенеуніктердің сөзіне қарағанда, үкімет 750 тонна күріш пен 6,6 миллион бангладештік так бөлген. Бұл шамамен 60 мың доллар көлеміндегі қаражат. Су тасқынынан Бангладештің астанасы мен шеткі аудандары да зардап шегуде. Жалпы соңғы мәліметтерге қарағанда, су тасқынынан зардап шеккендердің саны 250 мың адамға жеткен.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны