28.05.2012, 10:24 2897

Bankia 19 миллиард евро көмек сұрап отыр

Испаниядағы ең ірі ипотекалық кредитор Bankia банкі дағдарыстан шығу үшін қосымша 19 миллиард евро көлемінде қаржылай көмек керектігін үкіметке ескертті.

Астана. 28-мамыр. Kazakhstan Today - Bankia 19 миллиард евро көмек сұрап отыр, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Испаниядағы ең ірі ипотекалық кредитор Bankia банкі дағдарыстан шығу үшін қосымша 19 миллиард евро көлемінде қаржылай көмек керектігін үкіметке ескертті.

Қазіргі кезде ресми Мадрид банктің құлдырауына жол бермеуге әрекет етуде. Өйткені, бұл бүкіл елдегі банк секторын дағдарысқа ұшыратып, Еуропадағы қаржы нарықтарына кері әсерін тигізеді.

Ал, жуырда халықаралық Standard & Poor's агенттігі Bankia мен өзге де бес испаниялық банктің ұзақ мерзімді несие рейтингін "BB+"-ден "BBB-"-ке дейін төмендетті. S&C сарапшылары хабарлағандай, бұған сәуір айының соңында Мадридтің дербес несиелі рейтингінің екі пунктке төмендеуі мен елдің мемлекеттік қарыз мөлшерінің өсуі мүмкін деген қауіп әсер еткен

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны