21.05.2008, 12:23 9073

Барсакелмес табиғи қорығында қорғаныс аймағы құрылды

Барсакелмес табиғи қорығында қорғаныс аймағы құрылды

Қызылорда. 21 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Қызылорда облысы әкімінің қаулысы бойынша сыртқы түрлі зиянды әсерлерден қорғау мақсатында Барсекелмес мемлекеттік табиғи қорығының 46309,34 гектар жер учаскесінде қорғаныс аймағы құрылды. Олардың 19 638,77 гектар учасекесі "Барсакелместе" және 26 670,57 гектары "Қасқақұлан" қорықтарында орналасқан, деп хабарлайды агенттік тілшісі облыстық әкімдігіне сілтеме жасай отырып.

"Қорғалатын жер учаскелері қорық шекарасы аумағын бойлай отырып табиғи географиялық шегімен бөлінеді және жергілікті арнайы белгілермен белгіленеді", -деп ақпарат берді қорық директоры Мағжан Тұрсынов. Оның сөздері бойынша 1939 жылы Арал өңірінде құрылған қорық шекарасынан екі шақырым жерде "қорықтың аумағында орналасқан нысандар мен оның экологиялық жүйесінің қалпына келтірілуіне және ахуалына кері әсерін тиігізетін кез келген әрекеттерге тыйым салынған".

"Қорғалатын аумақта орман шаруашылық қызметімен айналысуға болады, сондай-ақ жерді пайдаланып мал жайып, шөп шабуға рұқсат етілген ", -деп түсіндірді М. Тұрсынов. Сондай-ақ, жарамсыз болып қалған жерлерге рекультивация мен фитомелиорация жасауға, саяхатшылардың тұрақтарын жайластыру үшін жер учаскелерін пайдалану, сирек кездесетін өсімдіктерді өсіруге арналған көшеттерді құруға рұқсат етіледі.

Қаулы бойынша қорық қызметкерлерінің тұруы үшін қызмет ғимараттарын салаға болады , сондай-ақ оларға қызметтік жер телімдерін беруге рұқсат етілген.

"ҚР үкіметінің 2008 жылдың желтоқсан айындағы қаулысына сәйкес мемлекеттік Барсекелмес қорығының жер ауқымы он есеге ұлғайтылып, 16 975 гектардан 172 мың гектарға жеткізілді. Құрылықпен шектескен Арал теңізінің бұрынғы Барсакелмес және Қасқұлан аралдарында түлкілерді, қосаяқтарды, жоғалып кету алдында тұрған бархан мысықтары мен құлақты кірпілерді кедестіруге болады", -деді ғылым жөніндегі қорық директорының орынбасары Зәуреш Илімбаева.

Илемге Барсакелместің атын Қызыл кітапқа енгізілген құландар шығарды. Олар Арал теңізінің аралына 1953 жылы Түрікменстаннан әкелінді. Қазіргі кезде олардың тұқымдары Алматы және Маңғыстау облысының қорықтарында мекенденген.

"Қазіргі кезде қорықтағы сексеуіл тоғайында жүрген құландар саны 250-ге жеткен. Бұл жайрандар санынан төмен көрсеткіш. Сондай-ақ, жабайы доңыздар мен сайғақтардың және тағы да басқа жануарлар санының өсуі байқалады. Ғылыми тұрғыдан алғанда бұл өте маңызды. Өйткені, қорық Аралдың экологиялық апат орталығында орналасып отыр", - деп хабарлады Барсакелмес қорығының директоры М. Тұрсынов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны