26.07.2007, 17:51 2559

Бас прокуратура мен ДИАҚБ/ЕҚЫҰ миссиясы сайлау науқаны кезінде заңдылықтың сақталуына қатысты хабар алмасуға келісті

АСТАНА. 26-шілде. Kazakhstan Today. Бас прокуратура мен ДИАҚБ/ЕҚЫҰ миссиясы сайлау науқаны кезінде заңдылықтың сақталуына қатысты хабар алмасып отыруға келісті. Мұндай уағдаластық бүгін Қазақстан Республикасының Бас прокуроры Рашид Түсіпбеков, Қазақстан Республикасындағы парламент мәжілісінің кезектен тыс сайлауын бақылау жөніндегі ДИАҚБ/ЕҚЫҰ миссиясының басшысы Любомир Копаймен және осы миссияның құқықтық мәселелері жөніндегі маманы Тигран Карапетянмен кездесуде жасалды,- деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Л.Копай мырза кездесуге қатысушыларға Қазақстан Республикасындағы кезектен тыс мәжіліс сайлауын бақылау жөніндегі ДИАҚБ/ЕҚЫҰ ұзақ мерзімді миссиясының ДИАҚБ/ЕҚЫҰ қағидаларына сәйкес сайлауларды, сондай-ақ сайлау процестерінің халықаралық стандарттарға және Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес келуін кәсіби бақылауға шақырылған 36 адамнан тұратынын хабарлады. Сондай-ақ, миссия басшысы прокуратура органдарының өкілдерімен қызмет байланыстарын орнатуға, алдағы сайлауларға байланысты өтініштерді қарау барысы мен нәтижесі жайында ақпарат алуға және заңдылықты қамтамасыз ету шегінде жүргізілетін жұмыстарға ынтасын білдірді.

Өз кезегінде, Рашид Түсіпбеков прокуратура өз өкілеттігін басқа мемлекеттік органдарға, лауазымды адамдарға және өзге де қоғамдық бірлестіктерге тәуелсіз жүзеге асыратынын және Республикасының президентіне ғана есеп беруге міндетті екенін, сондай-ақ сайлаудың барлық кезеңінде заңдылықтың сақталуына, қолданыстағы заңнаманың кіммен болсын бұзылуын алдын алуға шаралар қолданылатынын хабарлады.

Одан басқа, Қазақстан Республикасының Бас прокуроры прокуратура органдары сайлау процесінің мониторингіне кіріскендерін, жергілікті жерлердегі прокурорларға ДИАҚБ/ЕҚЫҰ миссиясының өкілдерімен және басқа да халықаралық (шетел) бақылаушылармен қызмет байланыстарын орнату және жалғастыру тапсырылғанын ескертті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны