05.04.2016, 09:47 3642

Бас прокуратура үлескерлер ақшасын заӊсыз иемденгені үшін іздеуде жүрген адамды экстрадициялады

Бүгін Бас прокуратураныӊ қызметкерлері Біріккен Араб Имірліктеріндегі Қазақстан елшілігініӊ қолдауымен,ҚР ҚК 176-бабыныӊ 3-бөлігі "б"-тармақшасы (Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу немесе ысырап ету) бойынша қылмыс жасағаны үшін іздеудегі 45-жасар Мирхат Илімбетовті Біріккен Араб Имірліктерінен Астанаға жеткізді

Астана. 5 сәуір. Kazakhstan Today - Бүгін Бас прокуратураныӊ қызметкерлері Біріккен Араб Имірліктеріндегі Қазақстан елшілігініӊ қолдауымен,ҚР ҚК 176-бабыныӊ 3-бөлігі "б"-тармақшасы (Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу немесе ысырап ету) бойынша қылмыс жасағаны үшін іздеудегі 45-жасар Мирхат Илімбетовті Біріккен Араб Имірліктерінен Астанаға жеткізді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Илімбетов "Какаду" ЖШС-ніӊ негізін қалаушысы және директоры бола отырып, Астанада 2005-2008 жылдар аралығында "Қыпшақ" тұрғын-үй кешенін салу барысында 397 043 330 теӊге сомасында салымшылардыӊ ақшасын және 434 541 991 теӊге сомасында мемлекеттік қаражатты заӊсыз иемденгені үшін айыпталуда.

Ол 2012 жылы Дубай қаласында анықталды. А.ж. 4 сәуірінде БАИ құқық қорғау органдары айыпталушыны Қазақстанға беру туралы шешім шығарды, бұл біздіӊ елдер арасындағы әрекет етуші Беру туралы шарттыӊ негізінде қабылданды.

Қазіргі уақытта Илімбетов Астана қаласыныӊ тергеу изоляторына қамауға алынды, тергеуді Астана қаласыныӊ ІІД жүргізуде.

Бас прокуратура қылмыс жасағаны үшін шетелде жасырынып жүрген Қазақстан азаматтарын экстрадициялауға бағытталған жұмыстарды жүргізуде. Шет мемлекеттердіӊ құзырлы органдарымен жасырынып жүрген қылмыскерлерді қайтару және жасалған қылмыстары үшін жазаныӊ бұлтартпастығын қамтамасыз ету бойынша белсенді ынтымақтастық орнатылған.

Соӊғы бес жыл ішінде осы жұмыс аясында Қазақстанға 349 адам берілді, 100-ден астам сұраныстар шет мемлекеттердіӊ құзыретті органдарымен қарастырылуда.

Қадағалау органы Қазақстан азаматтарыныӊ шет елдерден берілуіне қол жеткізуде, мысалы, тек соӊғы екі жыл ішінде Біріккен Араб Имірліктерінен 8 адам берілді, сондай-ақ Испания, Португалия, Румыния, Швеция, Болгария, Германия және Финляндиядан да адамдар берілген болатын.

Бас прокуратураныӊ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны