17.11.2015, 19:08 4262

Басымдылықта ҚР ҚК тұрғын үй қорын жаӊарту

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігініӊ балансында 2015 жылғы қарашадағы жағдай бойынша шамамен 8 жарым мыӊ бар. Жыл сайын бюджетпен бөлінетін ақшалай қаражат ҚР ҚК ғимараттары мен құрылысыныӊ жалпы санынан 5-тен 7%-ға дейін жөндеуді қамтуға мүмкіндік береді

Астана. 17 қараша. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігініӊ балансында 2015 жылғы қарашадағы жағдай бойынша шамамен 8 жарым мыӊ бар. Жыл сайын бюджетпен бөлінетін ақшалай қаражат ҚР ҚК ғимараттары мен құрылысыныӊ жалпы санынан 5-тен 7%-ға дейін жөндеуді қамтуға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Осыған қарамастан, 2015 жылы 41 тұрғын үй мен 10 жатақхана ағымдағы жөндеуден өтті. Ал 5 тұрғын үй мен 2 жатақхана күрделі жөнделді. Бұл ретте 2 үй мен 1 жатақханадағы жөндеу жұмыстары 2016 жылы аяқталады. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады.

Пайдалануға беру мерзіміне сәйкес қалпына келтіру және жөндеу жұмыстарын аяқтау үшін қосымша ақшалай қаражат бөлінеді, қажетті құрылыс материалдарын жеткізу жүргізіледі және адамдар жіберіледі.

Ағымдағы және күрделі жөндеу бір-бірінен елеулі ерекшеленетінін айта кетейік. Ағымдағы жөндеу бүтіндікті (жұмыс қабілеттілігін) қалпына келтіру, сондай-ақ пайдалану көрсеткіштерін ұстап тұру мақсатында жүргізіледі. Күрделі жөндеу жасырын ақаулықтарды анықтау және бөлшектердіӊ ресурсын бағалау, ақаулы бөлшектерді ғана емес, сонымен бірге ескірген, тозығы жеткен бөлшектерді ауыстыру мақсатында бөлшектеу мен ревизияны қажет етеді. Мұндай жөндеу үлкен көлемді жұмысты және көп шығынды қажет етеді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны