04.06.2007, 18:55 2749

Батыс Қазақстан облысында аусыл дертінің таралуына байланысты карантин жарияланды - Ауылшаруашылық министрлігі

АСТАНА. 4 - маусым. Kazakhstan Today. Батыс Қазақстан облысының Лубенск ауылдық округінде аусыл дертінің таралуына байланысты карантин жарияланды, деп хабарлады Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне Қазақстан Республикасының Ауылшаруашылық министрлігінен.

"Лубенка ауылдық округінде ірі қаралардың арасында аусыл дертінің таралу дерегі анықталуына байланысты Батыс Қазақстан облысының Шыңғырлау ауданы әкімінің қаулысымен 2007 жылдың 2-маусымынан Лубенск ауылдық округінде аусыл дертінің таралуына байланысты карантин жарияланды",- деп айтылған Ауылшарушалық министрлігінің дүйсенбіде таратқан баспасөз баянында.

Ауылшарушалық министрлігіндегілердің түсіндіруінше, "карантиннің шартына сәйкес аталмыш ауылдық округтен мал және мал шаруашылық өнімдерінің барлық түрлерін әкелу мен әкетуге тыйым салынған". "Дертті жұқтырған барлық мал сау малдардан оқшауландырылған. Малдарға жаппай клиникалық тексеру жүргізілген",- деп көрсетілген баспасөз баянында.

Министрліктің хабарлауынша, малдарды иммунизациялау үшін республикалық резервтегі мал дәрігерлік емдерден қажетті мөлшерде вакциналар мен дезинфекциялау заттары бөлінді. 4-маусымдағы жағдаймен, Шыңғырлау ауданы бойынша "аусылға қарсы 7801 ірі қара және 10303 ұсақ малға вакцина егілген, олардың 3544 ірі қара мен 3827 ұсақ мал Лубенка ауылынан".

Сонымен қатар, 134 қора-жай дезинфекцияланды. "Елді мекенге кіре берісте дезинфекциялық бөгеті бар екі мал дәрігерлік бақылау бөлімшесі құрылған. Мал иелеріне малды ұстау ережесі туралы нұсқамалар берілді. Сондай-ақ тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілуде", деп айтылған баспасөз баянында.

"Карантин шараларын атқару үшін облыстың мал дәрігерлік инспекторларының және полиция қызметкерлері қатарынан қосымша күш тартылды",- деп атап өтілген құжатта. Сонымен қатар, "қабылданып жатқан шараларды үйлестіру және жүзеге асыру үшін штаб құрылды".

Естеріңізге сала кетейік, ҚР Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, Шыңғырлау ауданы, Лубенка ауылында белгісіз этиологиялы аурумен ауырған 138 ірі қара анықталған болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны