05.12.2012, 15:16 3014

Батыс Қазақстанда "Дипломмен ауылға" бағдарламасы бойынша білім саласында 711 маманға қолдау көрсетілді

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында қазақстандық білім беру жүйесіне тән белгілердің бірі ретінде жоғары пайызда қалып отырған шағын жинақталған мектептер мәселесін шешу қарастырылған.

Орал. 5-желтоқсан. Kazakhstan Today - Батыс Қазақстанда "Дипломмен ауылға" бағдарламасы бойынша білім саласында 711 маманға қолдау көрсетілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында қазақстандық білім беру жүйесіне тән белгілердің бірі ретінде жоғары пайызда қалып отырған шағын жинақталған мектептер мәселесін шешу қарастырылған.

БҚО әкімі Нұрлан Ноғаевтың мәлім еткеніндей, өңірде жалпы білім беретін мектептердің 74,7 пайызы немесе 308-і - шағын жинақталған мектептер. Осы мектептердегі мәселелерді шешу және білім сапасын көтеру үшін 2015 жылға қарай облыс бойынша 13 тірек мектеп ашу жоспарланса, бүгінгі таңда Ақжайық, Зеленов, Сырым, Теректі аудандарында тірек мектептер жұмыс жасауда.

2011-2012 оқу жылдарында білім саласы бойынша облысқа 307 педагог қажетт болса, осы оқу жылының басында тағы 69 маманның жетіспеушілігі білінді. Бұл қажеттілік 367 жас маманның келуімен қанағаттандырылды.

"Дипломмен ауылға" жобасын жүзеге асыру барысында соңғы екі жылда 711 жас маман төлемақы иеленсе, 131 маманға тұрғын үй алу үшін несие берілді.

"Балапан" бағдарламасының іске асырылуы да көңіл қуантарлық. Облыста 2012 жылдың 1 қазанында 471 мектепке дейінгі ұйым жұмыс жасаса, оның ішінде 143 балалар бақшасы, 39 мектеп-балабақша кешені, 289 шағын орталықтар, мұндағы балалардың жалпы саны - 27 862.

Республикалық бюджет қаражаты есебінен Бөрлі ауданы Қызылтал ауылында 320 орындық, Теректінің Подстепныйында 290 орындық бөбекжай салынып, іске қосылды.

Жалпы білім беретін мектептерде бос аудандарды пайдалану есебінен ауылдарда 80 орынға арналған 4 шағын орталық ашылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны