01.09.2006, 18:47 10207

Бейбітшілік пен келісім сарайы өте қысқа мерзімде салынып бітті

АСТАНА. 1-қыркүйек. Kazakhstan Today. Астанадағы Бейбітшілік пен келісім сарайы өте қысқа мерзімде салынып бітті, деп мәлімдеді бүгін өткен баспасөз мәслихатында сарайдың сәулетшісі, Ұлыбританиялық Норман Фостер, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Осынау пирамида секілді жобалар бір жылда емес, алты жылда тұрғызылады",- деді Н.Фостер. Ол сарай құрылысының өткен жылғы күзде басталғанын атап өтті.

Н.Фостердің түсініктемесіне сәйкес, Бейбітшілік пен келісім сарайы биіктігі 25 қабатты ғимаратқа тең пирамида түрінде салынған. Пирамиданың бір қабырғасының ұзындығы 65 метрге тең. Пирамидаға кіретін есік жер астында орналасқан. "Пирамида бөктерде орналасқандықтан, оған тек жер асты арқылы ғана кіруге болады",- деді сәулетші.

Бейбітшілік пен келісім сарайында 1,5 мың орына есептелген опера залы бар. "Бейбітшілік пен келісім сарайы мен опера театрын бір шаңыраққа қосу - екі функциялы екі түрлі ғимаратты біріктірудің бірегей оқиғасы",- деді Н.Фостер.

Сарайда 32 діни конфессияның өкілдеріне арналған мінажат ету орындары мен арнаулы кеңселер бар. Сонымен бірге пирамиданың жоғарғы қабатында дәстүрлі және әлемдік дін жетекшілерінің сьезін ұйымдастыруға арналған 200 орынды мәжіліс залы орналасқан.

Нысанды Түркияның "Сембол Иншаат" компаниясы салды. Оны тұрғызуға 2 мың жұмысшы, соның ішінде 1 мың қазақстандық құрылысшы қатысты.

Бейбітшілік пен келісім сарайының ашылу рәсімі бүгін кешке өтеді деп күтілуде. Бұл шараға Орталық Азиядағы төрт мемлекет - Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан президенттері қатысады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны