10.07.2009, 16:33 2874

Бекетаевқа жүктелетін жаза жайлы мәселені министр соттың шешімінен кейін қабылдайды

Бекетаевқа жүктелетін жаза жайлы мәселені министр соттың шешімінен кейін қабылдайды

Астана. 10 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Көлігін мас күйінде айдады деп айыпталған әділет вице-министрі Марат Бекетаевқа жүктелетін жаза жайлы мәселені әділет министрі Рашид Түсіпбеков соттың шешімінен кейін қабылдайды. Бұл туралы бүгін журналистерге берген сұхбатында әділет вице-министрі Дулат Құсдәулетов мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі.

"Кейінгі өзгерістерге сәйкес, вице-министрді министрдің нұсқамасымен, үкімет басшысының келісімі бойынша президент тағайындайды. Министр бұл мәселені соттың шешімінен кейін қарастырады", - деді Д. Құсдәулетов.

Сонымен бірге, оның айтуынша, министрлікте тәртіп төмен деңгейде деген пікір - теріс пікір. "Мұндай деректің болғаны рас, оны барлықтарыңыз білесіздер, бірақ, соттың шешімі шықпай тұрып қандай да бір уәж айтуға болмайды", - деді ол.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 20 маусымда Астанада көлігін мас күйінде айдап жүріп ұсталған адам өзін ҚР әділет министрінің орынбасарымын деп таныстырған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны