27.02.2018, 17:17 5211

Биыл "Алтын сапа" байқауыныӊ ұйымдастырылуында бірқатар өзгеріс бар

Биыл "Алтын сапа" байқауыныӊ ұйымдастырылуында бірқатар өзгеріс бар. Жеӊімпаздарға алғаш рет 450 АЕК, яғни 1 млн 82 мыӊ теӊге көлемінде ақшалай сыйлық табысталады.

Астана. 27 ақпан. Kazakhstan Today - ҚР Президентініӊ "Алтын сапа" сыйлығын иеленуге арналған байқауға және "Қазақстан үздік тауары" республикалық көрме-байқауына өтінім қабылдау басталды.

Биыл "Алтын сапа" байқауыныӊ ұйымдастырылуында бірқатар өзгеріс бар. Жеӊімпаздарға алғаш рет 450 АЕК, яғни 1 млн 82 мыӊ теӊге көлемінде ақшалай сыйлық табысталады. Кәсіпкерлер ұтып алған қаражатты қалауларына қарай халықаралық сапа байқауларыныӊ, оныӊ ішінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығыныӊ өндірушілері арасында өнім мен қызмет көрсету сапасыныӊ үздігі атану байқауына қатысу шығынын өтей алады.

"Алтын сапа" байқауында ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілерге арналған аталым мен "Үздік индустриялық жоба", "Үздік инновациялық жоба" арнайы сыйлықтары бекітілді. Осылайша, биыл отандық 14 компания "Алтын сапа" жеӊімпаздары атана алады. Алматы қаласыныӊ өндірушілері әдетте "Алтын сапа" байқауында бірнеше жүлделі орынды иеленеді. Біздіӊ қалада бизнес айтарлықтай дамыған, тиісінше отандық нарықта көшбасшы болып, тіпті үздік экспорттаушы атанған танымал компаниялар да көп", - дейді Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасыныӊ сарапшысы Любовь Алексеева.

"Алтын сапа" байқауына заӊды тұлғалар да, жеке кәсіпкерлер де қатыса алады. Байқау ұйымдастырушыларыныӊ кеӊесінше, аталым мен санатты таӊдауда шатаспау керек.

"Ир аталымда санат бойынша үш сыйлық бар: шағын, орта және ірі бизнес. "Өндірістік мақсаттағы үздік кәсіпорын" аталымында шағын бизнес субъектісі мүлдем жоқ. Орта мен шағын арасын таӊдай отырып, өзіӊді шағын бизнеске жатқызған жөн. Ал халыққа арналған тауарлар секторында шағын бизнес өкілдері өте көп. Мұнда сапа менеджментініӊ жүйесі болғанына аса мән беріледі", - деді "Атамекен" ҚР ҰКП Шағын және орта бизнесті дамыту департаменті директорыныӊ орынбасары Салтанат Ибдікәрімова.

Салтанат Ибдікәрімованыӊ айтуынша, байқауда жеке патентті иелену, түрлі ноу-хау дайындау, халықаралық көрме мен байқауға қатысу әрі жеӊімпаз атануға артықшылық беріледі. Құжат дайындағанда 38 парақтан аспау керек деген лимитті сақтап, өндірістік базаныӊ суреттерін де қосу керек. Таза табысты көрсету міндетті емес. Табыс мынадай жылы 100%, одан кейін 120% болды деген көрсетуге болады. Қазылар алқасы даму трендіне назар аударады. Комиссия девальвацияны да ескереді. Кейбір көрсеткіштердіӊ төмендеуі шешімге әсер етпейді. Еӊ бастысы ағымдағы жылы салық қарызы болмау керек. Комиссия байқаудыӊ әрбір қатысушысына өнім мен қызмет көрсету сапасын жақсартуға қатысты жекелеген ұсыным дайындайды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны