26.06.2017, 08:59 2702

Биыл Қызылорда облысынан барлығы 21 бала республикалық, халықаралық фестиваль мен спартакиадалардыӊ жеӊімпаздары атанды

Биыл Қызылорда облысынан барлығы 21 бала республикалық, халықаралық фестиваль мен спартакиадалардыӊ жеӊімпаздары атанды

Қызылорда. 26 маусым. Kazakhstan Today - Биыл Қызылорда облысынан барлығы 21 бала республикалық, халықаралық фестиваль мен спартакиадалардыӊ жеӊімпаздары атанды.

Қызылорда облыстық білім басқармасынан хабарлағандай, ағымдағы жылдыӊ 26-30 мамыр күндері Санкт-Петербург қаласында өткізілген мүмкіндігі шектеулі балалардыӊ Х - "Шаг навстречу!" халықаралық шығармашылық фестивалінде өнер көрсеткен №6 есту қабілеті бұзылған балаларға арналған арнайы мектеп-интернатыныӊ 4 оқушысы ым-ишаратпен ән айту, аспапта ойнау номинациясында жеӊімпаз атанып 1 дәрежелі дипломныӊ иегері болды.

Аталған мектеп-интернат оқушысы Сағи Мұхаммед 2016 жылы қарашада Степногорск қаласында өткен дельфийлік ойындарда алтын медаль иегері атанды.

Қызылорда облысынан ХІІ республикалық "Жұлдызай" балалар шығармашылығы фестивалі мен І республикалық спартакиадаға барлығы 45 бала қатысты. Фестиваль қорытындысы бойынша ән айту номинациясында Айзада Сауранбек І орын, Рано Сабанқұлова және Назым Абдулқасымқызы ІІ орын, би номинациясы бойынша №5 көру қабілеті бұзылған балалардыӊ мектеп-интернатыныӊ бишілері ІІІ орын иеленді.

Сонымен қатар, мүмкіндігі шектеулі балалар арасында спорт түрлері бойынша 1 рет өткізілген "Жұлдызай" республикалық спартакиадасына ер балалар арасынан асық атудан - І орын, үстел теннисінен - ІІ орын алса, командалық көрсеткіште қыздар арасынан қашықтыққа жүгіруден, бес тас ойынынан екінші орын тұғырынан табылды.

Фестиваль мен спартакиадаға қатысушылар Алматы қаласынан ерекше жетістіктермен оралды.

Қазақстан "Спешиал Олимпикс" қоғамдық бірлестігі және Қарағанды облысы әкімдігініӊ қолдауымен мүмкіндігі шектеулі балалар арасында футболдан жарыс ұйымдастырылып, облыстардан 25 команда қатысты. Жарыста 16-21 жас аралығы бойынша №7 арнайы мектеп-интернатыныӊ оқушылары ІІ орынды иеленді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны