08.07.2015, 15:36 3123

Біліктілік санатын көтеруден үміткер отандық дәрігерлер шұғыл көмек көрсету дағдыларын меӊгергенін дәлелдеуде

2015 жылғы 1-жартыжылдықта жоғары, бірінші және екінші дәрежедегі біліктілік санатын алудан үміткер отандық дәрігерлер тәжірибелік дағдыларын және білімдерін бағалау барысында шұғыл көмек көрсету дағдыларын меӊгергенін дәлелдеді

Астана. 08 Шілде. Kazakhstan Today - 2015 жылғы 1-жартыжылдықта жоғары, бірінші және екінші дәрежедегі біліктілік санатын алудан үміткер отандық дәрігерлер тәжірибелік дағдыларын және білімдерін бағалау барысында шұғыл көмек көрсету дағдыларын меӊгергенін дәлелдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Бірінші және екінші санатты иелену үшін олар анафилактикалық шок, жіті коронарлық синдром, жүрек кенет тоқтап қалған кезде, жоғары тыныс алу жолдарына (коникотомия) бөтен зат тұрып қалған кезде шұғыл көмек көрсету және базалық жүрек - өкпе жан сақтау шараларын жасау дағдыларын дәлелдеуге тиіс болатын.

Терапевт, хирург, акушер-гинеколог, педиатр, стоматолог және өзге бейінді дәрігерлер жоғары санат алу үшін клиникалық тапсырманы (клиникалық жағдайды) қолдана отырып, зертханалық және аспаптық көрсеткіштерді (рентген-сурет, ЭКГ, УДЗ, зертханалық сараптамалар) түсіндіріп беруге тиіс болатын.

Жіті коронарлық синдром кезінде көмек көрсету дағдыларын тексеру арнайы оқытылған және берілген тапсырмаға сәйкес клиникалық жағдайды көрсететін "стандартты пациенттіӊ" қатысуымен өткізілді.

2015 жылы ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі менеджерлер мен денсаулық сақтау саласыныӊ ұйымдастырушыларынан өзге дәрігерлер үшін білімдері мен тәжірибелік дағдыларын бағалау шарасын енгізу жұмысын жалғастырып жатқанын еске сала кетейік.

Жоғары, бірінші және екінші санаттан үміткерлерді бағалау арнайы оқудан өткен тәуелсіз сарапшылардыӊ қатысуымен өткізілді.

2015 жылдыӊ 1-жартыжылдығында 3882 дәрігер бағалаудан өтіп, олардыӊ 3017-і (79%) емтиханды сәтті тапсырды. Дәрігерлердіӊ тәжірибелік дағдыларын және білімдерін бағалау алғаш рет енгізілген 2014 жылдыӊ 2-жартыжылдығында, жалпы сынақтан өткен дәрігерлердіӊ 77% емтиханнан сүрінбей өтті.

Ағымдағы жылғы 3-тоқсанда дәрігерлердіӊ тәжірибелік дағдыларын және білімдерін бағалау 10 және 21 тамыз аралығында жоспарлануда.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігініӊ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны