04.08.2015, 12:21 3219

Бір тоннадан астам кендірқурай жинаған азамат ұсталды

1 тонна 170 кг шөп жабайы кендірқурай болып шықты.

Тараз. 4 Тамыз. Kazakhstan Today - Тараз шекара отрядыныӊ "Көгершін" шекара заставасыныӊ офицерлері 3 тамыз күні сағат 13.45 шамасында, шекаралық сызықтыққа жақын "Арғын Қамал" аталған маӊнан Жамбыл облысы Ішкі істер департаментініӊ есірткімен күрес басқармасыныӊ қызметкерлерімен бірлесе отырып шыжыған күнніӊ астында шөп шабуға "бел шеше" кірісіп кеткен азаматтыӊ "жұмысын" тоқтатты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Қыстыӊ қамын жазда ойлап жүрген шаруаныӊ адамы болса, жинап қойған шөмелесіне қарап, сүйсініп тұрып, "шабар көбейсін" дер едік, тек бұл шөп малдарға арналса кәні?

1 тонна 170 кг шөп жабайы кендірқурай болып шықты.

Енді бұл "шөпшініӊ" ісіне ішкі істер орагандарыныӊ қызметкерлері "баға" береді. 1965 жылы туған азамат "демалып" шыққаннан кейін шау тартып, қолына шалғы ала алмайтын шығар.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны