07.05.2009, 16:44 2387

Біріккен Араб Имірліктерінің ұлттық әуе тасымалдаушысы Астана мен Абу-Даби арасында тұрақты рейсті атқаруға кірісті

Біріккен Араб Имірліктерінің ұлттық әуе тасымалдаушысы Астана мен Абу-Даби арасында тұрақты рейсті атқаруға кірісті

Астана. 7 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Біріккен Араб Имірліктерінің ұлттық әуе тасымалдаушысы Астана мен Абу-Даби арасында тұрақты рейсті атқаруға кірісті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі Etihad Airways әуе компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Біріккен Араб Имірліктерінің ұлттық әуе тасымалдаушысы - Etihad Airways әуе компаниясы 2009 жылдың 7 мамырынын бастап аптасына бір рет Қазақстан Елордасы - Астанаға тұрақты рейс шығара бастады", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Иуе компаниясының ақпаратына сәйкес, бүгінгі күні әлем елдерінен 55 бағытта рейстер шығарып отырған Etihad Airways желілері үшін Астана - Қазақстанға шығатын екінші бағыт болмақ.

Еске сала кетейік, 2008 жылдың желтоқсан айында әуе компаниясы Алматы мен Абу-Даби арасында тұрақты рейсті атқара бастағанын хабарлаған болатын. Астана мен Абу-Даби арасындағы әуе қатынасы үкіметаралық келісімдердің аясында ашылды және ол Алматы мен Абу-Даби арасында қатынап келген төрт рейстің біреуінің бағытын өзгерту арқылы пайда болып отыр.

Сөйтіп, 2009 жылдың 7 мамырынын бастап Etihad Airways апта сайын әр сейсенбі, сәрсенбі және сенбі күндері Алматы мен Абу-Даби арасында үш рейс, әр бейсенбіде - Астана мен Абу-Даби арасында бір рейсті жүзеге асыратын болады, делінген хабарламада.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, "EY294 санды рейс Абу-Даби қаласынан әр бейсенбіде таңертеңгі сағат 10.05-те шығып, Астанаға сағат 16.35-те келеді. Ал кері бағыттағы EY295 рейсі Астанадан сағат 17.35-те шығып, Абу-Дабиге сағат 20.25-те жетеді".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны