14.10.2016, 11:05 5286

Біріккен Ұлттар Ұйымыныӊ жаӊа бас хатшысы сайланды

БҰҰ Бас Ассамблеясы Португалияныӊ бұрыӊғы премьер-министрі Антониу Гуттеришті 2017 жылдыӊ 1 қаӊтарынан бастап аталмыш ұйымныӊ Бас хатшысы лауазымына бекітті.

Астана. 14 қазан. Kazakhstan Today - БҰҰ Бас Ассамблеясы Португалияныӊ бұрыӊғы премьер-министрі Антониу Гуттеришті 2017 жылдыӊ 1 қаӊтарынан бастап аталмыш ұйымныӊ Бас хатшысы лауазымына бекітті.

67 жастағы Антониу Гуттериш бұл қызметте Біріккен Ұлттар Ұйымын қатарынан екі мерзім басқарып келген 72 жастағы Пан Ги Мунды алмастырады.

Жаӊа Бас хатшы екінші мерзімге қайта ұсынылу құқығымен 5 жылға сайланды. БҰҰ басшысын таӊдау процессі шілде айыныӊ соӊында басталды. Иуелде аталмыш лауазымға 13 адам бақ таластырды, оныӊ жетеуі - әйелдер. Жабық түрдегі дауыс берудіӊ барлығы 7 кезеӊі өтті. Олардыӊ барысында Антониу Гуттериш жалғыз үміткер болып қалды.

Антонио Гуттериш 1949 жылы Лиссабонда дүниеге келді. Ол Португалия үкіметін 1995-2002 жылдар аралығында басқарған. 2005-2016 жылдар аралығында Антониу Гуттериш БҰҰ-ныӊ Босқындар ісі жөніндегі жоғарғы комиссары қызметін атқарды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны