05.08.2008, 13:19 1613

Бішкекте АҚШ азаматтарынан қару-жарақ пен оқ-дәрі тәркіленді

Бішкекте АҚШ азаматтарынан қару-жарақ пен оқ-дәрі тәркіленді

Бішкек. 5 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Бішкекте АҚШ азаматтарынан қару-жарақ пен оқ-дәрі тәркіленді, деп хабарлайды агенттік тілшісі Қырғызстан ІІМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ІІМ мәліметінше, "Арсенал" атты шұғыл алдын алу шарасының барысында "Ынтымақ" атты жаңа аудандағы Женіш көшесіндегі 66 жастағы Б. Утировқа тиесілі, АҚШ азаматтары жалдап тұратын үйден заңсыз сақталған қару-жарақ пен оқ-дәрі тәркіленді.

Үйде АҚШ елшілігінде істейтін, дипломатиялық иммунитеті бар бірнеше қызметкері, Қырғызстандағы бір күш құрылымының арнаулы бөлімшелерінің қызметкерлеріне арнап тренинг өткізуге келген АҚШ-тың 10 әскери қызметкері болған. Қазір бұл адамдардың аты-жөні анықталуда. Бішкек прокуратурасы тексеру жүргізіп жатыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны