13.11.2006, 10:34 2540

Бішкекте парламент депутатының үйіне шабуыл жасалды

БІШКЕК. 13-қараша. Kazakhstan Today. Бішкекте Жогороку Кенеш - парламенттің депутаты Иса Өмірқұловтың үйіне шабуыл жасалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігі Қырғызстан ІІМ-іне сілтеме жасап.

Мекеме ақпаратына сәйкес, оқиға қарашаның 11-інен 12-сіне қараған түні болған. Бішкектің орталығындағы депутаттың үйіне түнгі сағат 3 шамасында белгісіз біреулер екі граната лақтырып жіберген. Біреуі үй шатырының жақтауына, екіншісі үйдің ауласына тасталған. Депутат пен оның отбасы мүшелері зардап шеккен жоқ. Үйдің қақпасы мен шатырдың жақтауына ақау келіп, терезе әйнектері сынған. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.

И.Өмірқұлов жуырда Қырғызстан астанасында болған митингіге белсене қатысып, президент пен үкімет басшысының қызметтен кетуін қызу талап еткендердің бірі. Депутаттың үйіне жасалған шабуылға қатысты мәселе бүгін парламентте талқыланады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны