17.04.2007, 12:57 3392

Бішкектегі оппозиция митингісі жетінші күнге созылуда

БІШКЕК. - сәуір. Kazakhstan Today. Қырғызстанның астанасында оппозицияның мерзімінен бұрын президент сайлауы мен конституциялық реформа жүргізуді талап еткен митингісі жетінші күнге созылуда, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бүгін наразылық іс-шарасы 16.00 басталады. Оппозиция көшбасшыларының айтуынша, бұл наразылық танытудың шешуші кезеңі 18 және 19-шы сәуірде болады. Бұл күндері митингті ұйымдастырушылар өздерінің 100 мыңға жуық жақтастарын Бішкектің орталық алаңына жинамақ. Оппозиция "билікті бейбіт жолмен өткеріп беруге" қол жеткізбек ниетте.

Осыған дейін хабарланғандай, оппозицияның мерзімсіз митингісі 11-сәуірде Бішкек орталығында басталған. Митингті ұйымдастырушылар - "Қырғызстанның лайықты болашағы үшін" Біріккен фронты мен "Реформалар үшін" қозғалысы - мерізімінен бұрын президент сайлауы мен конституциялық реформа жүргізуді талап етуде.

Республика астанасының орталығында митингке қатысушылар өмір сүріп жатқан жүзге жуық киіз үйлер мен әскери шатырлардың тігілгеніне жеті күн болды. Іс-шараны ұйымдастырушылар оларды азық-түлікпен қамтамасыз етуде. Президентті жақтаушы үкіметтік емес ұйым өкілдері митингке қатысушылар өздерінің алаңдағы іс-шараға қатысқандары үшін күніне 500-ден 1000 сомға дейін (13-26 АҚШ доллары) алып жатқандығын бірнеше рет мәлім еткен болатын, ал оппозиция жетекшілері бұны мүлдем теріске шығаруда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны