19.04.2007, 10:22 1337

Бішкектің қоғамдық ұйымдары биліктен қалада тәртіп орнатуға шара қолдануды сұрады

БІШКЕК. 19-сәуір. Kazakhstan Today. Қырғызстан астанасындағы қоғамдық ұйымдар биліктен қалада тәртіп орнатуға шара қолдануды сұрады, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Атап айтсақ, Бішкектің медициналық қоғамдастығы республиканың үкімет басшысы Алмазбек Атамбаевтың, астаналық прокуратураның, Қырғызстан ІІМ-нің атына ашық хат дайындады. Онда оппозицияның бұқаралық шараларын өткізуге байланысты қиындықтар тізбеленген. Олардың хабарлауынша, митингілер жүрек дерттері, невроздар мен депрессияның артауына алып келді.

"Көлік пен мамандар жетіспей жатқанда жедел жәрдем бригадалары митингіге қатысушыларға көмек көрсетуге тартылып отыр",- деп жазады хат авторлары. "Бұл мұқтаж адамдарға дер кезінде жедел жәрдем көрсетуге кері әсерін тигізуде",- дейді олар.

Дәрігерлердің мәлімдеуінше, "кез-келген проблеманы қарапайым халықты жұмылдыру арқылы алаңдарда емес, істі білетін адамдармен келіссөздер барысында шешу керек".

Бішкектің транспорттық ұйымдары да осындай алаңдаушылықтарын білдіруде. Олардың мәлімдемесінде атап көрсетілгеніндей, оппозицияның қаладағы орталық көшелерде ұйымдастырып жатқан бейбіт шерулері қоғамдық көліктерді бағыттарын өзгертуге мәжбүрлеп, жолдардың кептеліп қалуына алып келуде.

"Біз барлық проблеманы бейбіт жолмен келіссөздер арқылы шешуге болады деп сенеміз",- дейді транспорттық бірлестіктердің жетекшілері.

Ал ел астанасының педагогикалық қауымы шара басталғанан бері оқушылардың мектепке келу көрсеткіші төмендегенін хабарлап, қалада тәртіп орнатуға шара қолдануды сұрайды.

Осыған дейін хабарланғандай, оппозицияның мерзімсіз митингісі 11-сәуірде Бішкек орталығында басталған. Митингті ұйымдастырушылар - "Қырғызстанның лайықты болашағы үшін" Біріккен фронты мен "Реформалар үшін" қозғалысы - мерізімінен бұрын президент сайлауы мен конституциялық реформа жүргізуді талап етуде.Бүгін оппозицияның митингісі 15 сағатта басталады. Оны өткізу жоспарын опопзиция жетекшілері әлі жариялаған жоқ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны