01.03.2012, 14:57 3739

"БТА Банкі" қызметкерлердің 25 пайызын қысқартуды жоспарлап отыр

БТА Банкі" АҚ Банктің штаттық және ұйымдастыру құрылымын оңтайландыру бағдарламасын іске асыру аясында қызметкерлер санының 25 пайызын қысқартады. Бұл туралы Банктің баспасөз қызметінен хабарлаған.

Астана. 1-наурыз. Kazakhstan Today - "БТА Банкі" қызметкерлердің 25 пайызын қысқартуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, БТА Банкі" АҚ Банктің штаттық және ұйымдастыру құрылымын оңтайландыру бағдарламасын іске асыру аясында қызметкерлер санының 25 пайызын қысқартады. Бұл туралы Банктің баспасөз қызметінен хабарлаған.

"Бағдарламаның түпкі мақсаты Банк бизнесінің тиімділігін арттыру, әртүрлі бөлімшелердегі қайталамалы функцияларды жою және ағымдағы қызметкерлердің штаттық санын экономикалық жағдайдың талаптарына сәйкестендіру арқылы оның кірісін арттыру болып табылады. Бағдарлама бірыңғай функцияларды орталықтандыру және әмбебап ету есебінен ішкі бизнес-үдерістерді оңтайландыруға бағытталған, бұл өз кезегінде Банкте шешімдердің қабылдау тұтастығын арттырады", - делінген хабарламада.

Баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда, жоба Қазақстан Президенті Н.И.Назарбаев пен "Самұрық-Қазына" Ұлттық Ил-ауқат қоры" АҚ Басқарма Төрағасы Ө.Е.Шүкеевтің мемлекеттің қатысуымен компаниялардағы шығындарды оңтайландыру жөніндегі тапсырмаларын орындау аясында жүзеге асырылуда.

"БТА Банкі бизнестің әлеуметтік жауапкершілік қағидаларын сақтай отырып, Банктің штаттық және ұйымдастыру құрылымын оңтайландыруға байланысты барлық процедураларды қолданыстағы заңнамаға және Банктің нормативтік құжаттарына сәйкес жүргізіп жатқандығын атап өткім келеді", - дейді Басқарма Төрағасының міндетін атқарушы Асхат Бейсенбаев.

Оңтайландыру бағдарламасын іске асыру есебінен Банк қызметкерлерінің жалпы штаттық саны 25%-ға қысқарды. Қызметкерлердің штаттық санын қысқарту және Банктің ұйымдастыру құрылымын қайта қалыптастыру нәтижесінде еңбек ақы төлеу қоры да сәйкесінше 25%-ға қысқарады.

Бағдарлама аясында болашағы бұлыңғыр сату орындарын жабу, филиалдар желісі мен бөлімшелер жұмысының тиімділігін толығымен талдау жоспарланған, бұл Банк үшін экономикалық оң нәтиже бермек. Қазіргі уақытта, жалпы тиімділігі төмен сату орындарының 12% анықталды.

"Оңтайландыру бағдарламасын әзірлеумен Банктің тәжірибелі топ-менеджерлерінен арнайы құралған жұмыс тобы айналысты, олар қаржылық институтты одан әрі дамыту стратегиясын және оның жетілдірілген бизнес-моделін ескеріп, осы жұмыстарды жүргізді" - деп атап өтті Бейсенбаев мырза.

Банк, оңтайландыру бағдарламасын сәтті іске асыру жаңартылған бизнес-моделінің жұмысына ауысуын жоспарлайтын қаржы институты сауықтыру стратегиясының маңызды элементі болады деп есептейді.

Сондай-ақ, Банк республика банктік жүйесінің көшбасшы орнына БТА Банкінің қайта оралуына мүдделі кредиторлармен оңтайлы қабылданады деп болжайды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны