01.05.2012, 12:38 3092

Бүгін елбасы қазақстандықтарды Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтады

Бүгін елбасы қазақстандықтарды Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтап, Алматыдағы "Астана" алаңында өткен мерекелік іс-шараларға қатысты.

Астана. 1-мамыр. Kazakhstan Today - Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР президентінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қазақстан Президенті Алматыдағы "Астана" алаңында өткен мерекелік іс-шараларға қатысты.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқының бірлігі мерекесі халқымыз үшін жақсы дәстүрге айналғанын атап өтті.

"Елімізде тұрып жатқан барлық этностардың бірлігінің, ұйымшылдығының арқасында біз елеулі табыстарға қол жеткіздік. Тарихи қысқа мерзімде -20 жылдың ішінде қуатты тәуелсіз ел құрдық, оны бүкіл дүниежүзіне әйгілі мемлекет жасадық. Олардың ұлтына және діни сенімдеріне қарамастан, достық пен сенім, ынтымақтастық пен ауызбірлік біздің отандастарымыздың барлығына тән. Бұл біздің бірлігіміздің негізі, біздің тұрақтылығымыз бен рухани күшіміздің қайнар көзі, ертеңгі күнге деген сеніміміз. Біз әр алуан мәдени және тілдік орта алауыздық пен араздыққа себеп бола алмайтынын күллі әлемге көрсеттік. Керісінше, бұл біздің маңызды стратегиялық даму ресурсымыз", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысы сондай-ақ соғыс, әлеуметтік, этникалық және аймақтық кикілжіңдер орын алып отырғанда Қазақстан орнықты өсу мен тұрақтылық орнағанын атап өтті.

"Бізде жаңа жұмыс орындарын ашу, қолжетімді тұрғын үймен қамту жөнінде бағдарлама қолға алынған, денсаулық сақтау мен білім беру жүйесі табысты дамуда. Бұл біздің идеологиямыз. Бір-бірімізді құрметтеп, сенім мен көмек көрсете отырып, біз кез келген проблеманы шешуге қабілеттіміз. Біздің Отанымыз бір, ол - Қазақстан Республикасы, бізді бір ғана қазақстандық жер біріктіреді. Бізді еліміздің гүлдендірсек, өркендетсек деген бір ғана мақсат байланыстырады", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сөз соңында Мемлекет басшысы қазақстандықтарға денсаулық пен бақыт, табыс пен амандық, оптимизм мен ертеңгі күнге деген сенім тіледі.

Алматы қаласына сапары барысында Қазақстан Президенті сондай-ақ "Алмалы" жаңа сауда орталығында болды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны